"Кешірім сұрамаймын":«Nur Otan» депутаттары мұғалімдерді тепкілеуге көшкен бе?

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 05.04.2021

«Nur Otan» партиясының депутаты мектеп мұғалімін соққыға жыққан.

Сәуірдің 1-і күні ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында жергілікті мәслихат депутаты Сержан Омарбеков Біләлов атындағы мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Өмірхан Қанағатовты соққыға жыққан.

«Мен сабақтан 11-50-де шықтым. НВП мұғалімі Мұхат Иманжановтың кабинетіне депутат (Сержан Омарбеков – ред) келіп отыр екен. Содан амандасып, әңгімелестік. Содан ол маған «Өмірхан сен осы аудан деген мәселені неге көтере бересің, неге жаза бересің?», - деді. Мен оған «Секе, осыған бола ренжіспей ақ қояйық», - дедім. «Ренжіспейік деп айтатын сен кімсің?» деді де, орындықта отырған жерімде шекемнен бір ұрып құлатты», - дейді Қанағатов.

Өмірхан Қанағатовтың айтуынша, депутат оқиға орнына полиция келген уақытта «ешкімді ұрған жоқпын, кешірім де сұрамаймын» деген.

«Полиция келді де «қойыңыздар, ұят болады, сіз депутат, сіз мұғалімсіз, бір-бірлеріңізден кешірім сұраңыздар»,- деп айтты. Бірақ депутат: «Кешірім сұрамаймын. Мен оны ұрған жоқпын, ол басын қабырғаға соқты», - деді. Ал кабинетте болған (Омарбековтің сыныптасы) Мұхтар Иманжанов көргенін айтпай қойды...», - дейді Қанағатов.

Мәселенің мән-жайын білу үшін депутат Сержан Омарбековтің жұмыс орнына телефон соққанымызда тұтқаны ешкім көтермеді. Бұған дейін аталмыш оқиғаға байланысты «Nur Otan» партиясы әлеуметтік желіде арнайы мәлімдеме жариялаған. Онда партияның мәселені бақылауға алғаны жөнінде және депутат кінәлі болса, тиісті шаралар қолданылатыны жөнінде айтылған.

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында депутаттар төңірегінде дау бұған дейін де болған. Осыдан біраз уақыт бұрын «Ақ жол» партиясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Қайрат Дәкеров Тарбағатай ауданын екіге бөліп, Ақжар аймағына экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынған. Бұл әлеуметтік желі мен БАҚ-та қызу талқыланып, елдің сынына ұшыраған.

 

 

Байланысты жаналықтар

Назарбаевтың інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды – Депутат

20.03.2024

Депутат: Мектеп оқушылары еш кедергісіз насыбай атып жүр

13.03.2024

«Сізді әдемі өлең сияқты тыңдап отырмыз»: Депутат Саясат Нұрбектің сөз саптауына сүйсінді   

06.03.2024

Нұрсұлтан Байтілесов Мәжіліс депутаты атанды

06.03.2024

Экс-депутат мәжілісмендердің тәртібін сынады

18.02.2024

Жер сілкінсе бізге енді кім хабар береді – Бил Гейтс пе, әлде Илон Маск па - депутат 

24.01.2024
MalimBlocks
Назарбаевтың інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды – Депутат

Бұл туралы Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Депутат: Мектеп оқушылары еш кедергісіз насыбай атып жүр

«Сізді әдемі өлең сияқты тыңдап отырмыз»: Депутат Саясат Нұрбектің сөз саптауына сүйсінді   

Нұрсұлтан Байтілесов Мәжіліс депутаты атанды

Экс-депутат мәжілісмендердің тәртібін сынады

Отырыста болған оқиғалардан дөрекілік қатты байқалады

Жер сілкінсе бізге енді кім хабар береді – Бил Гейтс пе, әлде Илон Маск па - депутат 

Мәжіліс отырысында  депутат Сергей Понамарев Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дабыл сигналы не себепті уақтылы қосылмағанына және оған кім жауапты екенін сұрады.