Хакерлер әуе компаниясының 7 мың серверін жойып, 20 ТБ мәліметін қолды қылды

Ресейлік "Аэрофлот" компаниясы Silent Crow және "BY киберпартизандары" хакерлік топтарының шабуылына ұшырады деп хабарлайды malim.kz тілшісі DW басылымына сүйеніп.
Олардың мәлімдемелері бойынша, "Аэрофлоттың" барлық маңызды коропративтік жүйелеріне зақым келген. Оның ішінде ұшу тарихы жазылған дерекқорлар мен клиенттермен қарым-қатынасты реттейтін CRM жүйелер де бар.
Хакерлер "Аэрофлоттың" қызметкерлерінің, оның ішінде - топ-менеджерлерінің компьютерлеріне кіре алған; сонымен бірге - аудиожазбаларға, ішкі хат алмасу және аңду жүйелеріне қол жеткізген. Оның дәлелі ретінде скриншоттар жариялады.
"Аэрофлот" ақпараттық жүйедегі ақауға байланысты 50 рейсті кейінге қалдырғанын мәлімдеді. Ресей БАҚ-тары Мәскеудегі Шереметьево әуежайындағы дүрбелең туралы хабарлауда.
Photo: istockphoto.com

Ең көп оқылған
