"Баяу вакцинация үшін сынға қалған Цойдың отставкаға кетуі екіталай"

Елнұр Бақытқызы

  • 06.04.2021

Белсенді дәрігер, балалар невропатологы Қайырғали Көнеев баяу вакцинация үшін президент Тоқаевтан сын естіген денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың отставкаға кетуі екіталай дейді.  6 сәуірдегі ақпарат бойынша, "Спутник V" вакцинасының екі компоненті 72 110 адамға, бірінші компоненті 194 706 адамға егілген. Қыруар қаржы бөліне тұра вакцинация неге баяу жүріп жатыр? Шабан вакцинацияға жауапты кім? Осы сұрақтарды белсенді дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, балалар невропатологы Қайырғали Көнеевке қойып көрдік.

– Қайырғали Смағұлұлы, елдегі баяу вакцинация үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойды сынға алды. Министрлік "Спутник V" вакцинасын Ресейден алдыртып, бір бөлігін Қарағандыдағы фармацевтикалық кешен өндіретінін әу бастан мәлімдеген. Баяу вакцинация үшін кім жауапты?

Фото: Azattyq.org, Ринат Фазылбаев

– Бұл жерде, меніңше, Қарағандыдағы фармацевтикалық кешен наурызда шығарамыз деп айтқан көлемдегі вакцинаны шығара алмаған сияқты. Қарағандыдағы фармацевтикалық кешен вакцина шығарамыз деді, денсаулық сақтау министрлігі соған сеніп қалды да, Ресейге тікелей тапсырыс бермеді. Бірақ отандық өндіруші шығара алмай қалды.

– Мұндай жағдайда сылбыр вакцинация үшін Цойды ғана кінәлау дұрыс па?

– Оның бұл жерде кінәсі жоқ сияқты. Бірақ Қайрат Боранбаевқа (Қарағанды фармацевтикалық кешені иелерінің бірі – ред.) ештеңе істей алмайтындықтан, бар кінәні Цойға жабады. Оның үстіне желтоқсанда шығады делінген Қазақстанның өз вакцинасы әлі күнге дейін жоқ.

– Мұндай жағдайда Алексей Цой, бәлкім, басқа вакцина өндірушілермен келіссөз жүргізуі керек пе еді?

– Бұл уақытта басқа вакцина шығарушылармен келіссөз жүргізіп, тапсырыс беру керек еді. Меніңше, Цойға басқалармен келісуге мүмкіндік бермеді. Боранбаевтың мүддесі үшін. Цой өз бетінше әрекет ететін емес, өзіне берілген бұйрықты орындайтын тұлға. Дегенмен сылбыр вакцинация үшін жауапкершілікті сол арқалайды. Мүмкін, "мен кінәлімін" деп, белгілі бір жаза арқалайтын шығар.

– Цой жақын уақытта отставкаға кетуі мүмкін бе?

– Меніңше, ол отставкаға кетпейді. Тоқаев оны жария түрде сөкті, бірақ отставкаға жіберуі екіталай. Ол Біртановты да дәл осылай 2019 жылы сөкті. Тек бір жарым жыл өткен соң ғана қызметінен алды. Тіпті індет кезінде Біртановты жиналысқа салып, "сіз маған елде маска жеткілікті деп айттыңыз ғой" деп ұрысқан. Бірақ одан кейін де Біртанов біраз уақыт қызметте отырды. Осыны ескерсек, Тоқаев Цойды қызметінен алуы екіталай. Оның үстіне Тоқаев Цойды бұлай жария түрде бірінші рет сынап тұр.

– Баяу вакцинация үшін Цой жауапкершілікті өз мойнына алу керек пе?

– Меніңше, "СҚ-Фармация" басшысы немесе осыған жауапты вице-министр отставкаға кетуі керек. Бірақ вице-министрдің келгеніне көп болған жоқ, ол қалай отставкаға кетеді? Ал Цойдың өзі жауапкершілікті мойнына алуы екіталай. Расында да, шенеуніктердің бірі жауапкершілікті арқалуы керек.

Редакциядан.

Алматыда жаппай вакцинациялаудың басталуынан уақытша тоқтатылуы тез болды. 3-і күні басталған еріктілерді жаппай вакцинациялау сәуірдің 5-і күні уақытша шегерілді. Ресейдің "Спутник V" вакцинасын шығарып жатқан Қарағандыдағы фармацевтикалық кешеннен (бизнесмен Қайрат Боранбаев мен Ресей бизнесмендері иелік етеді)  Алматыға 34 900 вакцина жеткізілсе, оның 17 мыңын қала тұрғындары екі күнде салдырып үлгеріпті. Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев сәуірдің 4-інде вакцина тағы 10 мыңға жуық адамға салынатынын айтқан. Сөйтіп, вакцинаның келесі партиясы жеткенше, еріктілерге вакцина егу тоқтатылды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев сәуірде қалаға "Спутник V" вакцинасының 250 мың дозасы, мамыр мен маусымда тағы 500 мың дозасы жеткізілетінін айтқан.

Алматыдағы жаппай вакцинация президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды сылбыр вакцинация үшін сынға алғаннан кейін басталған. Елде вакцина жетіспей жатқанын айтқан Қ.Тоқаев министрліктің "Спутник V" мен отандық вакцина халықты вакцинамен қамтамасыз етуге жеткілікті" деген сөзіне сеніп қалып, 1 ақпаннан бастап елде жаппай вакцинация жариялағанын жеткізді. Екі айда халықтың небәрі 0,2 пайызына вакцина егілгенін алға тартқан президент енді өзге мемлекет басшыларымен келіссөз жүргізіп, тиімсіз шарттармен вакцина алып жатқанымызды айтып, сәуірде ахуал түзелмесе, Цойды отставкаға жіберетінін меңзеді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда 27 наурыздағы жиында Қарағандыдағы фармацевтикалық кешен "Спутниктің" 750 мың дозасын шығарып, ол аймақтарға жеткізілетінін мәлімдеген. Министр сәуірде Ресейден "Спутник V" вакцинасының 3 миллион дозасы келетінін хабарлаған, бірақ бірнеше күннен кейін өткен брифингіде Цой Ресейден 2,5 миллион доза жеткізілетінін айтты.

Ақпан айының басында Алексей Цой Ресейдің "Спутник V" вакцинасын сатып алуға жалпы 18 миллиард теңге бөлінсе, оның 15 миллиард 170 миллион теңгесі Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенге бөлінгенін айтқан.

Оқи отырыңыз: Цойдың жағымсыз сценарийі: үш айда 370 мың адам вирус жұқтырады

Байланысты жаналықтар

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

23.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024
MalimBlocks
«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.

Тоқаев Өзбекстан Президенті мен халқына су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.