Аймағамбетов: Ұстаздарды басқа жұмысқа тартқан 100-ден астам мектеп директоры жазаланды

  • 08.04.2021
  • Malim Админ

Қаңтардан бері "Мұғалім мәртебесі" туралы заңды бұзып, ұстаздарды міндетіне жатпайтын бөгде жұмысқа тартқан 100-ден астам мектеп директоры мен басқа да азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы бүгін өткен онлайн брифингіде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

"Педагогтер заңнамаға сәйкес бөгде жұмысқа тартылмайды. Әрине, ол қосымша, ақысы төленетін және мұғалімдер өз қалауымен істейтін жұмыс болса, ол ұстаздың өз еркі. Өзіне тән емес қосымша жұмысқа тартудан заңнама қорғайды. Мұғалімдер тарапынан бізге қандай да бір бұзушылықтар жөнінде өтініш келіп түссе, олар құқығы бұзылғанын хабарласа, дереу арызды қарап, шешім қабылдаймыз. Заңнамаға сәйкес, мұғалімдерді бөгде жұмысқа тартқандарды жауапкершілікке тартамыз. "Мұғалімдердің мәртебесі" туралы заңға сәйкес, артық қағаз талап ету, басқа жұмыстарға тартуды анықтау бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Мысалы, қаңтардан бастап барлық педагогикалық әдеп бойынша кеңестер жинадық. Қысқа мерзім ішінде 100-ден астам мектеп директоры мен басқа азаматтар заңды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл бізге түскен арыз бойынша нақты шешім қабылданып жатқанын көрсетеді", - деді Асхат Аймағамбетов.

"Педагог мәртебесі туралы" заң 2019 жылдың желтоқсанында қабылданған болатын. Осы заңға сәйкес, педагогті кәсіби міндетіне байланысты емес жұмыс түріне тартуға, заңнамада көзделмеген есептілікті не ақпаратты ұсынуды талап етуге, тауарлар мен көрсетілген қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге тыйым салынған. "Педагог мәртебесі туралы" заңның 6-бабының 2-тармағының талаптары осындай. Ал бұл тармақтағы талаптарды бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады. Мысалы, ұстаздарды кәсіби міндетіне байланысты емес жұмыс түріне тарту немесе заңнамада көрсетілмеген есептілікті талап ету, ұстаздарға тауарлар мен қызметтерді сатып алуды міндеттеу және мемлекеттік емес мекемелердің іс-шарасын өткізуге тарту Әкімшілік кодекстің 409-бабы 7-3-тармағы бойынша ескерту арқылы жазаланады. Ал егер бұл әрекет бір жылдың ішінде тағы қайталанса, "Педагог мәртебесі туралы" заңның жоғарыдағы баптарын бұзғандар  әкімшілік кодекстің 409-бабы 7-4-тармағы бойынша 20 айлық есептік көрсеткіштен(өкілетті тұлғаларға)  120 айлық есептік көрсеткішке  (ірі кәсіпкерлік субъектілері) дейін айыппұл салынады. Астын сызып айтатын нәрсе, педагогтың ар-намысы мен қаідір-қасиетін қорғауға да заңның бір тармағы арналған. Егер жеке тұлғалар мұғалімге тіл тигізсе, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл бапты екінші мәрте бұзғандарға 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

 

Байланысты жаналықтар

Президент Алғыс айту күнімен құттықтады

01.03.2020

Биыл браконьерлер көп

30.07.2020

Прокуратура города Шымкент обратилась к жителям города с заявлением касательно митингов

30.04.2021

"Ханның қызы" шаруаларға құлақ аса ма?

21.12.2020

Тоқаев: Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі керек

10.07.2021

Тұрмыстық тауарларды өзіміз өндіре аламыз

24.03.2020