Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтайтын ғылыми бағдарлама әзірленді

  • 09.04.2021
  • Malim Админ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте  жаппай саяси қуғын-сүргін және ақтау процесі бірыңғай деректер базасын қалыптастыратын арнайы ғылыми бағдарлама әзірленгенін хабарлады.

Тоғжановтың айтуынша,  кеше саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның екінші отырысы өтті.  Аталмыш ғылыми бағдарлама осы комиссия отырысында талқыланған.

«Біріншіден, саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру бойынша сұрақтар. Екінші, жазықсыз сотталған және саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды ақтау процестерін ғылыми зерделеу. Сонымен қатар, жабық мұрағаттарда саяси қуғын-сүргін материалдарының зерттеушілерге қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Еліміздің азаттығы, тәуелсіздігі мен тұтастығы үшін күресте ерлік көрсеткен саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдыру бойынша ұсыныстар әзірлеу», - деді спикер.

Премьер-министрдің орынбасары мемлекеттік комиссияның жұмыс бағыттары бойынша 11 жұмыс тобы құрылғанын жеткізді.

"Бұл топтардың жұмысына еліміздегі жетекші ғылыми-зерттеу институттарының, ЖОО-ның ғылыми қызметкерлерін қосқанда 57 ғылыми қызметкер жұмылдырылды", - деп түсіндірді Е.Тоғжанов.

Үшіншіден, барлық мемлекеттік орган мен комиссияның жұмыс топтарының бірлескен жұмысын қамтамасыз ету бойынша арнайы жобалық офис құрылды. Офис құрамында 11 мемлекеттік орган өкілдері, 6 ғалым жұмыс істейді.Төртіншіден, барлық өңірде әкімнің орынбасарлары басқаратын арнайы өңірлік комиссиялар құрылды. Оған да ғалымдар, Мәслихат депутаттары кіреді. Жергілікті әкімдік осы азаматтардың жұмысына жағдай жасауға міндетті.

 

Байланысты жаналықтар

Вирус: Ауру белгісі жоқ науқастар неге көбейіп жатыр?

08.06.2020

ДДСҰ Қазақстандағы пневмония мен коронавирусты біріктірді

08.08.2020

«Ақтөбеде газ тапшылығын қолдан жасап отыр»

04.02.2020

Әбілшайықов: Кәсіпкерлер жұмыссыз қалмас үшін QR-код жобасын бастаймыз

03.02.2021

Сауалнама: Ковидке қарсы вакцина салдырасыз ба?

29.12.2020

Ішкі миграция: Жастарға ауылдан жұмыс тауып беруге болады

30.10.2020