"Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын ЖОО тізімі бекітілді

Malim Админ

  • 30.04.2021

Қазақстанда "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік жоғарғы оқу орындарының тізімі бекітілді. Бұл тізімге 27 елден 207 жоғарғы оқу орны енді. Бұл туралы Malim.kz тілшісі хабарлайды.

Шетелде оқуға ұсынылатын ЖОО тізімі білім және ғылым министрінің 30 сәуір күні шыққан "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы" бұйрығының қосымшасында берілген. Жоғары оқу орындарының тізімі 2021-2023 жылдарға, яғни үш жылға бір-ақ беріліп отыр.

Бұйрықта айтылғандай, бұл тізімді білім және ғылым министрлігі  шетелдік жоғарғы оқу орындарының ресми сайттарынан және академиялық рейтингтерді жариялайтын агенттіктердің интернет-ресурсынан алынған ақпаратқа талдау жасай отырып әзірлеген.

22 сәуір күні өткен ондайн брифингіде білім және ғылым министрінің орынбасары Мирас Дәуленов "Болашақпен" оқуға ұсынылатын жоғарғы оқу орындарының тізімін жасағанда "Болашақ" басымлық беретін мамандықтар бойынша рейтингтері жоғары оқу орындарының тізімі де есепке алынғанын жеткізген. Яғни мысалы, археология мамандығы бойынша Ұлыбританиядағы Durham University әлемдегі ең үздік жоғарғы оқу орындарының бестігіне кіреді. Сондықтан бұл мамандық бойынша оқитындарға осы тізімдегі жоғарғы оқу орындары қоса ұсынылады.

Жалпы, білім және ғылым министрлігі бұйрығының қосымшасында тізімді жасау кезінде беделді үш халықаралық рейтинг: Квакаралли Саймондс әлемнің үздік университеттерінің әлемдік рейтингі (QS University Rankings), әлем университеттерінің акамедмиялық рейтингі (Academic Ranking of World Universities), Times басылымының дерегі бойынша әлемдегі үздік универсиеттер рейтингі (Times Higher Education World University Rankings) негізге алынған. Осы тізімдегі алғашқы не одан көп 250 орындағы университет "Болашақ" бойынша оқуға ұсынылатын ЖОО тізбесіне кірді. Осылайша, алдыңғы жылмен салыстырғанда "Болашақпен" оқуға болатын оқу орындарының тізімі кеңейе түсті. Бұл, әрине, үміткерлер мен шәкіртақы иегерлеріне тізімнен қалаған оқу орындарын таңдап, оларды өзара салыстырып, артықшылығы көбірек оқу орнына түсуге мүмкіндік береді.

Тізім ішінде бұрынғыдай Кембридж, Оксфорд, Гарвард, Джонс Хопкинс университеті тәрізді беделді жоғары оқу орындары мен Австрия, Испания, Германия, Франция, Финляндия, Дания, Қытай, Швейцария, Жапония мен Кореядағы беделді жоғары оқу орындары бар.

"Болашақ" бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанда аяқталады. Конкурстық іріктеу 1 маусым мен 30 қараша аралығында өтеді.

"Болашақ" халықаралық стипендиясы 1993 жылы 5 қарашада президент қаулысымен құрылған. Осы күнге дейін 13976 стипендия тағайындалды, 10903 "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуын тәмамдады. 1042 стипендиат шетелде оқып жүр немесе оқуға орналастырылып жатыр.

 

Байланысты жаналықтар

Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

26.04.2024

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

25.04.2024

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

22.04.2024

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024
MalimBlocks
Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келген.

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

1937 жылдан көркем фильмдерге түсіп, қазақтың ұлттық кино өнерін дамытуға мол үлес қосқан.

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

Алматы қаласында актер есімімен аталатын көше бар.

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.