Президент тапсырмасымен Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленуде

  • 04.05.2021

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шілде айында Әлеуметтік кодекстің жаңа жобасын әзірлеп, талқыға ұсынбақ.

«Жаңа кодекстің негізгі мақсаты –  халықтың түсінуін жеңілдету үшін осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын   

(1 Кодекс, 16 заң және 100-ден астам заңға тәуелді актілер) бір құжатта шоғырландыру. Әлеуметтік кодекс азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленеді және адам өмірінің әрбір кезеңіне қатысты бөлімдерді қамтиды. Бұл қазақстандықтарға мемлекеттік қолдау шараларын оңай түсінуге мүмкіндік береді», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

Оның айтуынша, Кодексті қабылдау халықтың әлеуметтік заңнаманы түсінуін жеңілдетіп қана қоймай, нормативтік құқықтық актілер мазмұнының бірыңғай стилін қамтамасыз етеді (әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы бірқатар заңдар 90-шы жылдардың басында қабылданған, ал одан бері НҚА әзірлеу тәсілдері айтарлықтай өзгерген).

Сондай-ақ, Кодекс шеңберінде азаматтардың әлеуметтік құқықтарын жүйелеу жүзеге асырылады – бір құжатта адамның өмір жолында, тіршілік әрекетінің барлық салаларында туындайтын барлық базалық құқықтар, оның ішінде ең төменгі әлеуметтік стандарттар көрсетілетін болады.

«Кодексті әзірлеу және қабылдау қазіргі уақытта қолданылып жүрген 16 заңның күшін жоюға алып келеді. Яғни, мысалы, қазір мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері 5 Заңмен регламенттелетін болса, онда болашақта бір ғана Кодекс болады. Бұл ретте жаңа Кодекс бүгінгі күні бар барлық әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік қолдау нысандарының сақталуын, оның ішінде азаматтарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан зейнетақылармен, жәрдемақылармен және төлемдермен қамтамасыз етуді, мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Ақмәди Сарбасов.

Тұжырымдама бекітілгеннен кейін Еңбекмині Әлеуметтік кодекстің өзін әзірлеуге кіріседі.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында  Әлеуметтік кодексті әзірлеу және қабылдау арқылы әлеуметтік заңнаманы шоғырландыру бойынша жұмысты бастауды тапсырған болатын.

 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады