Нұр-Сұлтандағы абаттандыру: жасыл желекті аймақтар мен демалыс орындары көбеймек

  • 08.06.2021
  • Malim Админ

Елорданы көріктендіру жұмыстарының бәрі «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-планы тұжырымдамасы аясында жүргізіліп келеді. Яғни, осы сала бойынша нақты даму картасы бар. Осы салада атқарылып жатқан жұмыс жайлы қала әкімі Алтай Көлгінов «Егемен Қазақстан» басылымына берген сұхбатында мәлім етті.

Биыл демалыс орындары мен жасыл желекті аймақтар айтарлықтай көбейеді. Экологияны жақсартып, тұрғындардың демалыста уақыт өткізуіне қолайлы орындар жасау үшін қаланы көгалдандыру жалғаса береді. Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде (саябақтар, скверлер, бульварлар) тал-терек егу ары қарай да жалғасады.

«Б.Момышұлы даңғылы бойымен жағалауға дейін жаяу жүргіншілер желекжолын абаттандырамыз. «Толқын тәрізді аллея» аумағында үстел теннисі мен шахматқа арналған үстелдер, демалуға және әткеншек тебуге арналған көлеңкелі аймақтар орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұл «Триатлон паркін» жаңа бөртегүл бағымен біріктіре отырып, эко-маршрут құруға мүмкіндік береді. Онда мыңнан астам бөртегүл көшетін отырғызамыз», - деді әкім.

Ол өз сөзінде былтыр Триатлон саябағын ауқымды абаттандыру басталғанын қозғап өтті. Өткен жылы қалада алғаш рет көпірасты алаңдар жасалды. Сарайшық көшесіндегі «Арқар» көпірінің астында спортпен айналысуға арналған бірнеше аймақ ашылып, саябақ аумағында футбол алаңдары орнатылды. Бұл – Триатлон мен Президент саябағы арасындағы көпір, ол биыл да жалғасады.

Сол сияқты Тұңғыш Президент саябағында көлеңкелі бастырмалар, әткеншектер, үш субұрқақ, оның ішінде тұманды булану, орындықтар және т.б. орнатылды. Алдағы уақытта өзен арқылы вело-жаяу жүргінші көпірін салу жоспарланып отыр. Бұл көпір екі саябақты – Тұңғыш Президент саябағы мен Есіл өзенінің бойындағы саябақты бірыңғай кластермен біріктіруге мүмкіндік береді. Осылайша қала тұрғындары аудандар арасында кедергісіз жүре алады. Көпірдің бойында демалыс аймақтары жабдықталады, ал көпірдің ішіне (астына) әткеншек орнатылады.

Әзірбайжан Мамбетов көшесі бойында, қаланың оң жағалауында «Демалыс Променад» деп, қазір жаңа қоғамдық кеңістік жасалды. Мұнда Арбат іспетті, жаяу жүргіншіге арналған кеңістік болды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, скверлер, бульварлар, бақтар) абаттандыру кезінде, көгалдандыруға ерекше назар аударамыз, өйткені бұл – қала дамуының ажырамас бөлігі.

Биылғы көгалдандыру жұмыстарының ерекшелігі аулалық аумақтардан, саябақтардан, скверлерден, бульварлардан, елді мекендерден басқа, көрікті жерлеріміздің іргелес аумақтарын көгалдандыруға кіріскенімізде. Бұл «бетонды орындар» санын азайтады. Мысалы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театры мен «Астана Балет» аумағында жасыл бақ, ал «Астана Опера» аумағында емен бағы, Триатлон саябағында бөртегүл бағы ашылады. Қазір барлық жерде көшеттер отырғызылып жатыр. Өзім де қаланы көгалдандыруға қатысамын. Қаланың барлық ауданын, соның ішінде елді мекендерді көгалдандырамыз», - дейді елорда әкімі.

Жалпы, ағаш егуге қала тұрғындары, еріктілер, кәсіпкерлер де қатысатыны қуантады. Осы жылы 1 млн-нан астам жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т.б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Қазір қаланың жасыл түске айналғанын, жаңа экоаймақтар мен «жасыл аралдар» пайда болғанын көруге болады. Егер жылдан-жылға сапалы тал егіп, тал егу жоспарын осы деңгейде ұстап тұрсақ, елорда санаулы жылдар ішінде жасыл қалаға айналмақ. Бір кездері тек даладан тұрған қала бақшалы қала болады. 2020 жылы 148 аула мен 60 қоғамдық кеңістік жаңадан тұрғындарға пайдалануға берілді. Осы жылы 150 аула мен 28 қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз.

«Елбасы сұқбатында елорданың бас жоспары ғимараттардың, жасыл желектер мен орманның симбиозы ретінде жасалғанын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылады. Қала тұрғындарының қатысуымен сенбіліктер, экоакциялар тұрақты өткізіледі. Шаһарды көгалдандыруға кез келген адам үлес қоса алады», - деді Алтай Көлгінов.

Фото Алтай Көлгіновтің Instagram-парақшасынан алынды

Байланысты жаналықтар

Астаналық саудагерлер ереуілге шықты

14.05.2020

Алматыда жер дауы басылмай тұр

05.03.2021

ЖОО студенттері екінші семестрде қалай оқиды?

12.01.2021

Шымкенттен Риддерге тағы да гуманитарлық көмек жөнелтілді

19.05.2021

«Туған жер» жобасы аясында өңірлерге 10 млрд инвестиция құйылды

29.10.2020

Қоғам еңбек құндылықтарын қабылдауды өзгертуі керек

04.09.2020