Әскери спортшыларымыз 66 медаль жеңіп алды

Malim Админ

  • 09.06.2021

Ташкентте ерлер мен әйелдер арасында өткен спорттық және жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты аяқталды. Армия спортшылары үш медаль еншіледі.

Азияның мықты самбошылары ерлер, әйелдер арасында және жауынгерлік самбо бойынша бақ сынады. Чемпионатқа әлемнің 16 елінен 400-ге жуық спортшысы қатысты.

58 келіге дейінгі салмақта Ақжол Балтабаев – «күміс», 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ефрейтор Арнұр Қуатай қола медаль, 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қызметші Әділет Мисин қола медаль иеленді.

«Біздің армияның спортшылары сайыста өз шеберліктерін және жауынгерлік рухты, лайықты жарыс түрін көрсетті. Алда бізді осы маусымның басқа да халықаралық жарыстарына барынша дайындық жаттығулары, сондай-ақ спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионатына дайындық күтіп тұр. Ол қарашада Ташкентте өтеді. Чемпионатта 21 медаль жиынтығы үшін бәсеке болмақ»,–деді самбодан Армиялық орталық спорт клубы командасының жаттықтырушысы ефрейтор Асан Мәмбетқұлов.

Дәстүр бойынша ересек атлеттермен қатар, түрлі елдерден жастар мен жасөспірімдер құрамаларының өкілдері жарысты.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жалпыкомандалық құрамда екінші орынды иеленгенін айта кеткен жөн. Үш күнгі сайыста қазақстандық спортшылардың қоржыны 66 медальмен толықты.

Байланысты жаналықтар

Спаррингтік кездесуге шақырту алған боксшы қыздардың тізімі жарияланды

29.03.2024

«Оқжетпес» футбол клубы өз қызметкерлеріне 400 млн теңгеден астам қарыз

29.03.2024

Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

27.03.2024

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

27.03.2024

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

26.03.2024

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

25.03.2024
MalimBlocks
Спаррингтік кездесуге шақырту алған боксшы қыздардың тізімі жарияланды

Сәуірдің 8-і мен 10-ы аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақырту алған боксшылардың құрамы бекітілді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп мәлімдейді Malim.kz.

«Оқжетпес» футбол клубы өз қызметкерлеріне 400 млн теңгеден астам қарыз

Көкшетау прокуратурасының мәліметінше, «Оқжетпес» футбол клубы 160 қызметкерінің жалақысын төлемеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензия бар.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Қазақ спортшылары олимпиадаға жолдаманы Тблисиде өткен әлем кубогінде жеңіп алды.