Цой жаңа болжам ұсынды

Денсаулық сақтау министрлігі "дельта" штамының таралуына байланысты эпидемиологиялық ахуалдың болжамын жаңартты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook-тегі парақшасында жазды.
Цойдың айтуынша, жағымсыз сценарий бойынша, шілде-қыркүйек айларында 400 мың адам вирус жұқтырады (тамызда шарықтау шегіне жеткенде тәулігіне орташа есеппен 6 мың адамнан көп жұқтырады).
Шынайы сценарий бойынша, шілде-қыркүйекте 355 мың адам ауру жұқтырады (тамызда шарықтау шегіне жеткенде тәулігіне 5,3 мың адамнан көп жұқтырады).
Жағымды сценарий бойынша, шілде-қыркүйек айларында 330 мың адам ауру жұқтырады (тамызда шарықтау шегіне жеткенде тәулігіне шамамен 5 мың адам жұқтырады).
Фото:primeminister.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.