Цой болжам қалай жасалатынын түсіндірді

Malim Админ

  • 16.07.2021

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Zakon.kz порталына  берген сұхбатында эпидемиологиялық ахуал бойынша болжам қандай деректер мен алгоритмге сүйеніп жасалатынын түсіндірді.  Цойдың айтуынша, эпидемиологиялық болжамды ғалымдар тобы арнайы есептеулерге сүйеніп жасайды.

"Болжам әрбір екі апта сайын жасалады. Соңғы бірнеше аптадағы аурудың өсу үрдісі негізге алынады. Бізде болжамның екі түрі бар. Бірі – ауруханадағы төсек-орынның толу көрсеткіші жайлы болжам. Егер төсек-орынның 70 пайызы бос болмай қалса, шектеу шаралары енгізіледі. Біз ауру жұқтырған адамдардың санын денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндігі мен төсек-орын санына шағып есептейміз.

Сондай-ақ апта сайынғы ауру көрсеткішін негізге аламыз, алдағы апталарда ауру жұқтыру көрсеткіші қандай болуы мүмкін екенін есептейміз. Бұл үшін арнайы есептеулер жүргізетін ғалымдар тобы бар. Жақында, шамамен екі аптадан кейін тексерілген цифрларды жария етеміз. Өйткені ауру жұқтырудың өсу қарқыны, ауруханалардағы төсек-орынның толу көрсеткіші, осы көрсеткіштердің бәрін есепке алғанда, нақты санды білуге болады. Біз тамыз айында індет шарықтау шегіне тамызда жетеді деп болжаймыз. Біз болжамда көрсеткен сан белгілі бір кезең ішіндегі бір тәулікте орташа есеппен қанша адам жұқтыратынын көрсетеді. Күн сайын әр аймақта қанша адам ауру жұқтырғанын негізге алып, сол көрсеткіштерді салыстыра қараймыз", - деді Цой.

Алексей Цой шілденің 14-і күні денсаулық сақтау министрлігі "дельта" штамының таралуына байланысты эпидемиологиялық ахуалдың болжамын жаңартқанын хабарлаған.

Цойдың айтуынша, жағымсыз сценарий бойынша, шілде-қыркүйек айларында 400 мың адам вирус жұқтырады (тамызда індет шарықтау шегіне жеткенде тәулігіне орташа есеппен 6 мың адамнан көп жұқтырады).

Шынайы сценарий бойынша, шілде-қыркүйекте 355 мың адам ауру жұқтырады (тамызда індет шарықтау шегіне жеткенде тәулігіне 5,3 мың адамнан көп жұқтырады).

Жағымды сценарий бойынша,  шілде-қыркүйек айларында 330 мың адам ауру жұқтырады (тамызда індет шарықтау шегіне жеткенде тәулігіне шамамен 5 мың адам жұқтырады).

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

25.04.2024

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

23.04.2024
MalimBlocks
Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

Заңға қол қойған АҚШ президентінің сөзінше, Украинаға арналған көмек бірнеше сағатта межелі жеріне жөнелтіле бастайды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.

Тоқаев KIA корпорациясының президентін қабылдады

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанайдағы автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді.