Бекшиннің ведомствосы жаңа болжам ұсынды

  • 19.07.2021
  • Malim Админ

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 30 қыркүйекке дейінгі эпидемиологиялық ахуал бойынша болжам ұсынды. Жандарбек Бекшин басшылық ететін Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінң болжамы бойынша, 3-4 тамызда індет шарықтау шегіне жетеді, бұл күндері Алматы қаласында тәулігіне орташа есеппен 1,6 мың адамнан вирус анықталады.

"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары алдағы үш айға, 30 қыркүйекке дейін коронавирустың таралуына қатысты санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бойынша болжам жасады. Негізгі болжам бойынша, індет шарықтау шегіне 3-4 тамызда жетеді, тәулігіне 1,6 мың адамнан вирус анықталады. Жағымсыз сценарийге сәйкес, індет шарықтау шегіне 10-11 тамызда жетеді, тәулігіне 1,9 адамнан вирус анықталады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Негізгі болжам бойынша, індет шарықтау шегіне жеткенде Алматы қаласы ауруханаларында 5-5,5 мың төсек орын бос болмайды, ал жағымсыз болжам бойынша, індеттің шарықтау шегінде 6-6,5 мың төсек орын бос болмайды.

Осылайша, негізгі сценарий бойынша, Алматыда шілдеде 27,5 мың адам, тамызда 34,5 мың адам, ал қыркүйекте 4,5 мың адам коронавируспен ауырады. Ал жағымсыз болжам бойынша, шілдеде 29 мың, тамызда 49,5 мың, қыркүйекте 13,5 мың адам вируспен ауырады.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Байланысты жаналықтар

"Моргқа жыбырлаған баланы қалай апарасың?" (аудио)

20.01.2021

Студенттер: Бәке, Сәкесіз жұмысқа тұру мүмкін еместей көрінеді

02.08.2021

Жастар жұмыспен қамтылуда

17.05.2021

Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды

08.02.2020

Қызылордада мұғалім блок-бекетті не үшін күзетеді?

17.04.2020

Қазақстанда өтетін чемпионат Өзбекстанға ауыстырылды

18.02.2020