Танымал суретші Вадим Сидоркин өмірден өтті

Malim Админ

  • 21.07.2021

Алматыда танымал суретші, өнертанушы Вадим Сидоркин қайтыс болды. Бұл туралы Суретшілер одағы хабарлады.

Вадим Сидоркин Алматыдағы Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін, Ленинградтағы Репин атындағы көркемсурет, мүсін және архитектура институтын тәмамдаған. Суретші 62 жасында дүниеден озды.

Вадим Сидоркин көптеген халықаралық көрмелерге қатысты, қазақ кескіндеу өнерін алға сүйреген суретші болды.

Вадим Сидоркин есімдері жұртқа әйгілі суретшілер – Евгений Сидоркин мен Гүлфайруз Исмаилованың ұлы. Оның әкесі жазушы Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романы мен басқа да жазушылардың туындыларына  классикалық иллюстрациялар салған,  Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайы ғимаратындағы үлкен панноның авторы. Ал Гүлфайруз Исмаилованың атақты "Қазақ вальсі" картинасы баршаға мәлім.

Вадим Сидоркин көзі тірі кезінде ата-анасының шығармашылығын дәріптеп, түрлі көрмелер ұйымдастыратын.

Фото Вадим Сидоркиннің Facebook парақшасынан алынды

Байланысты жаналықтар

Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегі қашан болатынын айтты (ВИДЕО)

26.04.2024

Қазақстандық боксшы Сергей Липинец британдық Робби Дэвис-кішімен жекпе-жекке шығады

25.04.2024

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

24.04.2024

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

08.04.2024

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

03.04.2024

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

02.04.2024
MalimBlocks
Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегі қашан болатынын айтты (ВИДЕО)

Осыған дейін қазақ файтерін аустралиялық спортшы Джек Делла Маддалена (17-2) жекпе-жекке шақырған болатын.

Қазақстандық боксшы Сергей Липинец британдық Робби Дэвис-кішімен жекпе-жекке шығады

Бокс 9-мамыр күні АҚШ-тың Поант-Сити қаласында өтеді. Липинец пен Дэвис бокс кешінің негізгі кездесуін жасайды.

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

Ол Қазақстан рекордын да орнатты.

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Ол кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 38-де жеңіске жеткен. ҚР спорт шебері.

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте агенттік төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен өткен ведомствоаралық мәжілісте айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.