Сарапшы: Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы халықаралық тәжірибеге сай

Malim Админ

  • 12.03.2020

Бейбіт жиналыстарды өткізу туралы заң жобасы халықаралық тәжірибеге сай келеді. Бұл туралы Мәжілісте өткен заң жобасының таныстырылымы барысында заң ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Амандықова мәлім етті.

«Қарастырылып отырған жаңа заң жобасы халықаралық тәжірибеге сәйкес жазылған. Осы орайда халықаралық-құқықтық құжаттарға айтарлықтай үлкен талдау жүргізілді, оның ішінде шетелдегі тиісті заңдардаға нормалар қаралды. Атап айтқанда, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия және өзге де елдердің тәжірибесі қарастырылды», - деді С. Аманжықова тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар сарапшы ұсынылған заң жобасы барлық талаптарға сәйкес келетіндігін жеткізді.

«Шетел заңнамасы митингілерге қатысушылардың, ұйымдастырушылардың үлкен жауапкершілігін ескерген. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы мемлекеті мен азаматтарының өзара жауапкершілігінің конституциялық-құқықтық қағидасына сәйкес келетінін атап өткен жөн. Егер мемлекет аталған шара еліміздің заңнамасы талаптарына сәйкес өткізілетініне жауап берсе, онда ұйымдастырушылар да, жиналысқа қатысушылар да Қазақстанның заңдарын орындайтындығына жауапты болса, бұл жағдай халықаралық тәжірибеге сай келеді», - деді профессор.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы таныстырылды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың сөзіне қарағанда, құжат жобасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың, қатысушылардың құқықтары мен міндеттері нақты айқындалады.

«Ұйымдастырушылардың, қатысушылардың құқықтары мен міндеттері нақты айқындалатын болады. БАҚ саласындағы өкілетті орган бейбіт жиналыстарға қатысатын журналист қызметінің ережесін, журналистік айырмашылық белгісі пішінін қабылдайтын болады. Ұйымдастырушылар үшін бейбіт жиналыстарды өткізудің ыңғайлы болуы мақсатында ұйымдастырушылардың айырмашылық белгілерінің пішіні қабылданады», - деді Дәурен Абаев.

Дереккөз: inform.kz

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Дәурен Абаев: Жамбыл жырлары ұлы істерге үндейтін ұранға айналған

19.11.2021

Азаматтық қоғам сұранысынан туған заң

26.03.2020

Д.Абаев: Ұлттық жобаларға түзетулер енгізілуі мүмкін...

21.10.2021

Айсұлтан Назарбаев: Адамдарды революцияға шақырғым келмейді

24.02.2020

Тұрмыстық тауарларды өзіміз өндіре аламыз

24.03.2020

"Дариға әлі-ақ қайтып келеді"

05.05.2020
MalimBlocks
Дәурен Абаев: Жамбыл жырлары ұлы істерге үндейтін ұранға айналған

Азаматтық қоғам сұранысынан туған заң

Д.Абаев: Ұлттық жобаларға түзетулер енгізілуі мүмкін...

Айсұлтан Назарбаев: Адамдарды революцияға шақырғым келмейді

Тұрмыстық тауарларды өзіміз өндіре аламыз

"Дариға әлі-ақ қайтып келеді"