Абаев: Сириядағы қазақтардың отанға оралғысы келмейді

Сириядағы 30-дан астам қазақстандықтардың көпшілігі өз еліне оралуға ниетті емес.

Malim Админ

  • 03.03.2025

Сириядағы топ ішінде 30-дан астам қазақстандық бар, тағы 10 адам тұтқындар лагерінде отыр, деген мәлімет берді РИА Новостиге Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев. Бұл туралы Orda.kz жазды.

«Сириядағы 30-дан астам қазақстандықтардың көпшілігі өз еліне оралуға ниетті емес. Кейбіреулері Сирия азаматтығын алып, сонда тұрақты тұруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Сириядағы күрд жасақтары бақылауындағы «әл-Хол» және «Родж» лагерьлерінде 10-нан астам отандасымыз бар, олардың да өз Отанына оралатын ниеті жоқ», - деді елші. 

Ол сондай-ақ, Қазақстанның Сирияға кеткендердің оралуына алаңдауға негіз жоғын, бұл мәселе қазақстандық арнайы қызметтің ерекше бақылауында екенін атап өтті.

«Сириядағы соғысқа кеткендердің елге оралуына байланысты алаңдауға негіз жоқ... Бұл мәселе Сириядан азаматтарымызды бақылау, қайтару және экстрадициялау бойынша практикалық тәжірибесі мол қазақстандық арнайы қызметтің ерекше бақылауында, сондықтан Қазақстанға оралғандардың деструктивті әрекеттеріне қатысты алаңдаушылық жоқ», - деді Дәурен Абаев. 

Оның сөзіне қарағанда, олардың Сириядан оралуы – оқшауланған жағдайда және олар биліктің бақылауында. Атап айтқанда, ол 2019-2021 жылдары Қазақстан «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясын өткізгенін, оның халықаралық тұрғыда оң баға алғанын еске салды.

«Нәтижесінде 607 азаматымыз, оның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандар елге өз бетінше оралды. Елге келгеннен кейін лаңкестік әрекеттерге қатысқаны немесе терроризмді насихаттағаны үшін 53 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық іс қозғауға негізі болмаған қалғандары оңалту шараларынан өтті», - деді елші. 

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

03.05.2025

Путин Сирияның жаңа билігіне Асадты бермейтін болды

24.04.2025

Қазақстандық әйел Сирияға кетіп, қыздарын лаңкестерге тұрмысқа бермек болған

24.04.2025

Сириядағы қарулы топтардың құрамында 30 қазақстандық бар - Дәурен Абаев

02.03.2025

Сирияда уақытша президент тағайындалып, әскер таратылды

30.01.2025

Сирияда мемлекеттік қызметкерлердің айлығы 400%-ға өседі

06.01.2025
MalimBlocks
Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

Путин Сирияның жаңа билігіне Асадты бермейтін болды

Қазақстандық әйел Сирияға кетіп, қыздарын лаңкестерге тұрмысқа бермек болған

Астанада әйел экстремистік материалдарды таратқаны және террористік топқа қосылуға әрекеттенгені үшін сотталды

Сириядағы қарулы топтардың құрамында 30 қазақстандық бар - Дәурен Абаев

Сирияда уақытша президент тағайындалып, әскер таратылды

Сирияда мемлекеттік қызметкерлердің айлығы 400%-ға өседі

Сирияда барлығы 1,3 миллионға жуық шенеунік бар.