457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"20 мың сарбаз": Түркия өз әскерін Сириядан шығармайтынын мәлімдеді

Түркия қазіргі уақытта Сирия армиясын даярлап, кеңес беру арқылы бұл елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға көмектесіп жатыр. Сондықтан Анкараның Сириядан жақын арада әскерін шығару немесе олардың орналасуын өзгерту жоспары жоқ. Бұл туралы 4 маусым күні Түркияның қорғаныс министрі Яшар Гюлер Reuters агенттігіне берген жазбаша сұхбатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің айтуынша, бүгінде Сирияда 20 мыңнан астам түрік әскері орналасқан. Гюлер олардың елден шығарылуы немесе орнын ауыстыру туралы айту әлі ерте екенін жеткізді.

Reuters еске салғандай, 2024 жылдың желтоқсанында Сирияда оппозициялық күштер президент Башар Асадтың режимін құлатқаннан кейін Түркия жаңа биліктің басты халықаралық одақтасына айналды. Көтерілісшілердің кейбірі бұған дейін Анкараның қолдауына ие болған.

Қазіргі таңда Түркия Сирияның солтүстігіндегі ауқымды аумақты бақылауда ұстап отыр. Бұл аймақта Анкара террористік ұйым деп санайтын күрд қарулы жасақтарына қарсы бірқатар шекаралас операциялар жүргізіп, ондаған әскери база құрған.

«Жаңа бағалау Сирияда толық бейбітшілік пен тұрақтылық орнаған кезде, аймақтағы лаңкестік қатері толығымен жойылғанда, шекара қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілгенде және босып кеткен азаматтардың құрметпен оралуына жағдай жасалғанда ғана жүргізілуі мүмкін», – деді Түркия қорғаныс министрі.

Reuters мәліметінше, Түркия АҚШ пен ЕО-ны Сирияға қарсы санкцияларды алып тастауға көндіруде шешуші рөл атқарған.

Сонымен қатар, Анкара соғыстан кейінгі елді қалпына келтіру мен миллиондаған сириялық босқынды елге қайтаруға көмектесуге уәде берді.

«Түркияның Сириядағы басты басымдығы – елдің аумақтық тұтастығы мен бірлігін сақтау және оны терроризмнен арылту», – деді Гюлер.

Фото: picture-alliance/abaca/Anadolu Agency/B. El Halebi