Сахнаға мас күйінде шыққан жұлдыздарға қандай жаза қолданылады? - Абаев жауап берді

Айшолпан КЕРІМ

  • 01.06.2022

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев сахнада өрескел әрекет жасаған "Ирина Кайратовна" тобына қатысты пікір білдіріп, топ мүшелеріне қатысты жаза қолданыла ма деген журналистер сұрағына жауап берді.

Журналистер әртістердің сахнаға мас күйінде шыққаны үшін қандай жауапкершілік енгізілетіні жайлы сұрады.

"Елімізде мыңдаған концерт өтеді, мұндай оқиғалар болып жатады. Бірақ әртістердің барлығы сахнаға мұндай күйде шықпайды. Біз бұл проблеманы жақсы білеміз және осы мәселемен айналысып жатырмыз", - деді Абаев.

Министр алдағы уақытта қолға алынатын шаралар туралы хабар беруге уәде етті.

Еске сала кетейік, 25 мамыр күні танымал топ "Ирина Кайратовна" мен Shiza (Асхат Жолшиев) есімімен танылған рэп орындаушының концерті өтті. Шара кезінде әртістер сахнада бұлапыт сөздер айтқан. Әнші Асхат Жолшиев қолына орап алған Қазақстанның туын адамдарға қарай лақтырмақ болған.

Кейінірек мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин осыған қатысты пікір білдіріп, оқиға жіті тексерілуі керек екенін айтқан еді. Артынша желіде "ИК" тобының мүшесі Азамат Маркленов видео түсіріп, концерттегі келеңсіздіктер үшін өз және Shiza атынан халықтан кешірім сұрады.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады

08.05.2025

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

07.05.2025

Тоқаев пен То Лам Димаштың өнерін тамашалады

06.05.2025

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

05.05.2025

Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге барамын - министр Балаева

24.04.2025

Димаш тыңдармандары жиі қойған сұраққа жауап берді

22.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

Тоқаев пен То Лам Димаштың өнерін тамашалады

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге барамын - министр Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне балаларымен бірге баратынын айтты

Димаш тыңдармандары жиі қойған сұраққа жауап берді