«Короновирус жоқ Қазақстанда кинотеатрлар жабылмасын»

  • 13.03.2020
  • Malim Админ

Қазақстан киноиндустрия өкілдері премьер-министр Асқар МАМИНГЕ ашық хат жолдады. Кинотеатрлардың есігін жапқан үкіметтің карантинін тиімсіз шешім дейді.

«Кинотеатрларды не үшін жабады? Індетке шалдыққан бірде-бір адам жоқ. Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТАН бұл шешімді өзгертуін сұраймыз. Орта және шағын бизнес зардап шегіп жатыр», - делінген кинотеатр иелерінің хатында.

Олардың айтуынша, кинотеатрларды жабу ойға қонымсыз. Мәселен бизнес орталықтар, кафе мен мейрамханалар ашық. Қоғамдық көліктер де жүріп жатыр. Бір саланың жұмысын тоқтату арқылы тарап жатқан инфекцияның алдын алуға болмас. Сондай-ақ, хат иелері бюджетке түсетін қаржы азайып, жұмыссыздық проблемасы шығатынын айтады.

Кеше астанада өткен брифингте Үкімет басшысының орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ коронавирустың алдын алу үшін біраз шектеулері жариялаған. Мектептердің бір апта бұрын демалысқа шығатынын да айтылған. Қысқасы, адам көп жүретін шараларға уақытша тыйым салынды.

Қытайдан шыққан індет қазір әлемнің 114 еліне тарады. Ресми дерек бойынша 123 мыңнан аса адамға жұғып, 4500 жан қайтыс болды.

Фото: 2gis.kz

 

 

Байланысты жаналықтар

Құрбан айттың бірінші күні 18 мыңдай отбасыға ет таратылған

31.07.2020

“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді

11.08.2020

Тойхана иелері: Табыстан айырылдық, жабылуға мәжбүрміз

19.01.2021

Мұнай өндеушілер медицина саласына көмек көрсетті

23.07.2020

Азаматтық қоғам шындала түседі

30.04.2020

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізгісі келеді

15.06.2020