Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Басты

Назарбаевты жақсы көретін депутат әкім орынбасары болды

malim Авторы: malim
13.03.2020
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Бақытгүл ХАМЕНОВА Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Облыс басшысы Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ активке жаңа орынбасарын өзі таныстырды.

Туған жерінен Нұр-Сұлтан қаласына бір кездері педагог боп аттанған Хаменова ханым әкім орынбасары болып оралды. Бақытгүл Хаменова бір-ақ күнде журналистердің назарына ілігіп танымал болып кеткен жан. 2016 жылы 30 қаңтар күні  «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры Хаменова сол кездегі президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА Қазақстандағы барлық колледждер мен студенттердің атынан алғыс айтады. Және өлеңін арнайды.

Көкжиектен арғы жақты көретін,

Ел-жұртына шексіз қуат беретін.

Соқсадағы замананың дауылы,

Барша халқы тек соңынан еретін.

Елбасындай ерен тұлға тұрғанда,

Мен елімнің ертеңіне сенемін.

Осы бір жұлдызды сәт Бақытгүл ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫНЫҢ өмірін күрт өзгертіп жібереді. Сол жылы көктем де кезекті кезектен тыс парламент сайлауы өтіп, Хаменова мәжіліс депутатына айналады.

Араға бір жыл салып 2017 жылы енді депутат Хаменова Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНА өз сезімін жеткізеді.

«Мен Елбасын жақсы көремін. Президентпен “көзімді аштым”. Мен тәуелсіз Қазақстанның ұрпағымын. Мен неге бұл сөздерді шын жүректен президентке айта алмаймын!», – деген сөзі әлі де ел есінде.

Сондай-ақ, дәл сол жылы парламенттің қос палатасының бірікке отырысында Астана атын Нұр-Сұлтан деп өзгертуді ұсынады. Бақытгұл Хаменова 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Халел ДОСМҰХАМЕДОВ атындағы Атырау мемлекеттік университетінен қазақ тілі және әдебиеті пәндері мұғалімі мамандығын алып шыққан. Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-ті, Атырау мұнай мен газ институты, Махамбет ӨТЕМІСҰЛЫ атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде де білім жетілдірген. Жергілікті БАҚ-та журналсит болып та қызмет еткен.

Фото: zhasatyrau.kz

 

 

Tags: әкім орынбасарыБақытгүл ХаменовадепутатНұрсұлтан Назарбаев

Ұқсас жазбалар

Сағынтаевтың әкімдігі Боранбаевтың қонақ үйін жалдап жатыр

Авторы: Елнұр Бақытқызы
01.03.2021
0

Бақытжан Сағынтаев басқаратын Алматы әкімдігі Essentai Tower ғимаратында орналасқан аса қымбат The Ritz Carlton Almaty қонақ үйін жалдауға бюджеттің 25...

Әкімдікке түнеген сегізінші күн: Көлгінов аналармен кездескісі келмей ме?

Авторы: malim
01.03.2021
0

Нұр-Сұлтан әкімдігінде аналар сегізінші күн түнеуде. Аналар «ана мен баланың жағдайын жасау», «көп балалы аналарға үй беру», «лайықты жұмыс орындарын...

Фото: Liter.kz: UGC

Елжан Біртановқа шашын алдыруға рұқсат бермеді

Авторы: malim
27.02.2021
0

Үйқамақта отырған экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа шаштаразға баруға рұқсат бермеді. Бұл туралы orda.kz сайтына оның адвокаты Дмитрий Куряченко хабарлады....

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Серік Ақсұңқарұлы

Құбылыс

10.09.2020
Бақытжан Сағынтаев

Қисайған үйге келгенде Сағынтаев Құдайдан қорқады

19.02.2020

Аналар босану үшін 500 шақырым жол жүреді

26.02.2020

Педагог мәртебесі карантинде қалай қорғалып жатыр?

25.04.2020

Сергей Терещенко: Қаладағы 2 миллион адамды Бетпақдалаға көшірер едім

13.05.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!