457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Депутаттар «СК-Фармацияны» тарату мәселесін көтерді

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың мәліметінше, депутаттар «СК-Фармация» компаниясын тарату мәселесін қарауды ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz Перуашевтың телеграм арнасына сілтеме жасап.

«Сонымен қатар, Вице-премьер Әлихан Смайыловты басқа да мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарды осындай мұқият тексеруді жалғастыруға шақырдық. Бұл бағыттағы жұмыстарға парламент тарапынан қолдау болатынын жеткіздік», – деп жазды Перуашев.

Оның айтуынша, «Ақ жол» фракциясы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында ВАП (Жемқорлыққа қарсы агенттік) анықтаған заң бұзушылықтарға және «СК-Фармациядағы» миллиардтаған шығындарға қатысты өз ұстанымын білдірді.

Фракция үкіметке мынадай ұсыныстар жолдады:

  • «СК-Фармацияны» тарату мәселесін қарау;
  • Салада әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету;
  • Анықталған 134 заң бұзушылықтың барлығын (тек бесеуін емес) қылмыстық іс жүргізуге беру;
  • Азаматтар мен бизнестен түсініксіз алымдар алатын, мемлекеттік органдар жанынан құрылатын жаңа «делдал-операторлардан» бас тарту.

Фото: sk-pharmacy.kz