457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Орманшылардың жалақысы көбейетін болды

Ауылдағы табиғатты және орман қорғау саласындағы қызметкерлердің жалақысы көтеріледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында айтылды.

Депутаттар азаматтық қызметшілерге жатпайтын және табиғатты қорғау мен орман қорғау қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлердің еңбегін реттеу жөніндегі Еңбек кодексіне түзетулер енгізді.

Ауылды жерлерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы мамандары мен жұмысшыларына лауазымдық жалақыларын кемінде 25 пайызға көтеру ұсынылды.

Сондай-ақ орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң аясында парниктік газдарды сіңіруді арттыруға, тозған жерлерді қалпына келтіруге және орман отырғызуға бағытталған көміртегінің орнын толтыру жобаларын іске асыру кезінде мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі көміртегі бірліктеріне иелік ету құқығының ерекшеліктері реттелетін болады.

Қала құрылысы жобаларын және жердің нысаналы пайдаланылуын өзгертуге, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 2 шақырым күзет аймақтары шегінде қала құрылысы жобаларын өзгертуге, жердің нысаналы мақсатына және жерге рұқсат құжаттарын беруге олар ресми белгіленгенге дейін тыйым салынады.

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының арнайы бөлінген учаскелерінде жергілікті халықтың мұқтажы үшін шөп шабу мәселесі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шешілді. Мәжілісмендердің бастамасымен орман шаруашылығы мамандарына шөп шабатын және мал жаюға арналған алаңқайлар да берілмек. 

Бұдан бөлек, депутаттар дала өрттерін сөндіру үшін жанар-жағармай және авиаотын қорын құруды ұсынды.

Фото: green-apple.kz