Ең төменгі жалақы мөлшерін 110 мың теңгеге дейін өсіру ұсынылды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «2026 — 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралып жатыр.
Осы орайда палатаның Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында ең төменгі жалақының мөлшерін көтеру ұсынылған.
Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген ең төмен жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін қабылдауға байланысты (Мәжілістің) Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең төмен жалақының мөлшерін 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін ұлғайту жағына қарай қайта қарау қажет деп есептейді, — делінген Мәжіліс комитетінің ақпаратында.
Бұған дейін хабарланғандай, бір миллионнан астам қазақстандық ең төменгі немесе одан да төмен жалақы алады.
Фото: almaty.tv