Қазақстанда ең жоғары жалақыны қай өңірде алады?

Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы І тоқсан бойынша деректеріне сәйкес, еліміздегі ең жоғары жалақы ірі қалалар мен капитал сыйымды салаларда шоғырланған, деп хабарлайды Malim.kz.
Бүгінде Қазақстанда 88 720 кәсіпорын жұмыс істейді. Жалпы тізімдік құрам – 3,98 млн адамды құраса, нақты жұмыспен қамтылғандар саны – 3,77 млн. Еліміз бойынша жалақы төлеу қоры – 18,36 трлн теңге.
Жалақы төлеу қоры бойынша көшбасшы өңірлер:
- Алматы қаласы – 3,05 трлн теңге. Мұнда 548 мың қызметкер жұмыс істейді.
- Астана қаласы – 2,13 трлн теңге (351 мың қызметкер).
- Атырау облысы – 1,46 трлн теңге. Бұл өңірде жоғары жалақы төленетін мұнай-газ саласы шоғырланған.
Орташа айлық жалақы бойынша өңірлік рейтинг (2025 жылғы І тоқсан):
- Атырау облысы – 634 234 теңге
- Маңғыстау облысы – 620 320 теңге
- Ұлытау облысы – 599 046 теңге
- Астана қаласы – 563 309 теңге
- Алматы қаласы – 518 857 теңге
- Батыс Қазақстан облысы – 500 046 теңге
Қазақстанда ең жоғары жалақы мұнай-газ саласы дамыған өңірлерде және ірі мегаполистерде төленеді. Бұл өңірлерде экономиканың күрделі секторлары мен жоғары білікті жұмыс күшіне деген сұраныс жоғары. Ал Ұлытау облысындағы орташа жалақы көрсеткіші – халық саны аз өңір үшін айтарлықтай жоғары.
Фото: freepik


Ең көп оқылған
