Медицина мифтері: Күніне 2 литр су ішу керек пе?

Malim Админ

  • 14.03.2020

Суды көп ішу керек. Сіз бұл кеңесті жиі естисіз. Терінің құрғауына қатысты, шаршауға қатысты, іш-құрылысты тазарту үшін... Қысқасы, денсаулығыңыз мықты болуы үшін – суды көп тұтыну керек... Бұл айтылып жүргелі біраз жылдың жүзі ауды, бірақ, соның ғылыми негізі бар ма?

Қазір Ұлыбританияда бұрынғыдан әлдеқайда көп су ішіледі, ал АҚШ-та ауыз су саудасы газды сусындардың саудасынан асып түскен. Өйткені, қазір бізді күніне литрлеп су ішсек, біз денсаулығымыздың керемет болуына жол ашамыз деген жаңалықпен төпелеп жатыр. Энергияң артады екен, терің керемет болады екен, артық салмақ тастайды екенсің, қатерлі ісіктен қорғайды екен...

Осыдан келіп, көпшілігі ең аз дегенде күніне 8 стақан (әрқайсысы 240 мл) су ішу керек деп есептейді. Бұл 2 литрге өзге сусындар мен сұйықтықтар кірмейді және.

Бұл «ереже» ешқандай ғылыми зерттеулермен расталмаған. Күніне осынша су ішу керек деген ғылыми қорытынды жоқ. Сонда бұл қайдан шықты?

1945 жылы АҚШ-та Ұлттық ғылыми-зерттеу кеңесінің азық-түлік және тамақтану бойынша комиссиясы ересек адамдарға тұтынған тағамдарының әр колориясына 1 мл су ішу керек деп кеңес береді. Әйелдерге 2000 калория – 2 литр, ерлерге 2500 калория – 2,5 литр.

Мұнда сөз тек су туралы емес, жалпы сусындар жайлы болып отырғанын айта кету керек. Сонымен қатар, 98 % судан тұратын жеміс-жидектер мен көкөністер де осы қатарға кіреді. Демек, көпшілік айтып жүргендей таза күйіндегі су емес, жалпы сұйықтық мөлшері.

Бұдан бөлек 1974 жылы диетологтар Маргарет Макуилямс пен Фредерик Стэро жазған «Мықты денсаулыққа арналған тамақтану» атты кітапта күніне 6-8 стаканға дейін су ішуге кеңес берілген. Бірақ, авторлар атап көрсеткендей, бұл құрамға жеміс-жидектер мен көкөністер, кофе мен газды сусындар да кіреді. Тіпті, сыра да.

Әрине, судың орны бөлек. Адам ағзасының үштен екісі содан тұрады. Су азықтық заттарды тасушы есептеледі және шлактарды шығарады, дене температурасын реттейді, майлаушы рөлін атқарады және буындарды артық күш түсуден сақтайды. Адам іш құрылысындағы химиялық реакциялардың көбі судың қатысуымен жүреді.

Тер, зәр шығару, дем алу арқылы ағзадағы ылғал азаяды. Денеңді жеткілікті сумен қамтамасыз ету – дұрыс ниет. Ағзаның құрғауынан сақтану – өте дұрыс. Құрғау симптамдары адам денесі 1-2 % ылғалын жоғалтқанда-ақ пайда болады. Мұның орнын толтырмасақ, жағдайымыз төмендей береді. Кей жағдайларды тіпті қайғылы жағдайлар тіркеледі.

Оқи отырыңыз: Медицина мифтері: Әйелдер еркектерден көп сөйлей ме?

Дені сау ағза мұндай кезде шөл арқылы белгі береді. «8 стақан су» түсінігі қалыптасқалы бері бізге шөлдеу – ағзаның сұмдық құрғап кеткенінің көрінісі сияқты әсер ететін болған. Дегенмен, сарапшылардың көбі біздің ағзамыз қажет еткен сұйықтықтан артық судың керегі жоқ деп есептейді.

«Тәніңізді тыңдай білсеңіз, ол сізге не ішу керек екені жайлы белгі береді», - дейді спорт дәрігер-консультанты Кортни Киппс.

Ең дұрысы – су, бірақ, шай, кофе, тіпті алкогольді сусындар да құрғаудың алдын алуға көмектеседі. Суда калория жоқ, сондықтан да ең дұрыс жолы сол.

Суды ағзаның қалауынан да асырып ішіудің қандай да бір артықшылықтары, сұйықтықтың азаюынан сақтайды деген мәселеге келсек, оған дәлелдер жеткіліксіз.

Кейбір тәжірибелер суды тұтыну ағзаны құрғаудың ақырғы сатыларына жеткізбей, мидың қызметіне және қарапайым тапсырмаларды орындауға көмектесетінін көрсеткен.

Тағы бір зерттеулер сұйықтықты көп тұтынудың артық салмақпен күресуге көмектесе алатынын дәлелдеген.

Виржиния мемлекеттік университеті мен политехникалық институтының профессоры Бренд Дейви осы тақырып бойынша бірнеше зерттеу жүргізген.

Соның біреуінде ол қатысушыларды екі топқа бөлген. Екі топ та үш ай бойы диетаға отырған. Бір топ тамақтанардан жарты сағат бұрын 500 мл су ішіп отырған. Нәтижесінде су ішкен топ екіншісіне қарағанда көбірек салмақ тастаған.

Екі топқа да күніне 10 000 қадам жасау тапсырылған. Бұл жерде де су ішетін топ тапсырманы жақсы орындаған.

Дейви мұның себебін 1-2 % сұйықтықтың азаюы көп адамда кездеседі, бірақ, көбінің оны байқай бермейтінімен түсіндіреді. Осы 1-2 пайыздың өзі біздің көңіл-күйіміз бен ағзадағы энергия мөлшеріне әсер етеді.

Сонымен, ағзаның қалауына қарамастан күніне 8 стақан су ішетіндер өздеріне зиян келтіріп жүрген жоқ па?

Суды шамадан тыс көп тұтыну қандағы натрийдің шоғырлануын төмендетеді. Бұл ми мен өкпенің ісінуіне әкеліп соғады. Өйткені, бұл екі маңызды ағза натрий мөлшерін қалыпқа келтіру үшін жұмыс істеуге мәжбүр болады.

Кортни Киппс соңғы он жылда 15 атлеттің суды көп тұтынудан қайтыс болғанына куә болыпты. Мұның бәрі – спорттық жарыстар кезінде орын алған.

Ол мұның себебі, біздің өз ағзамызға, оның өзін өзі реттейтініне сенбейтініміздің кесірі дейді. Біз бұл жайлы ойлана бермейміз, дегенмен, сұйықтықтың көп болу да ағза үшін қауіпті.

Джоанна Пакенем 2018 жылы Лондон марафонына қатысқан. Күн ыстық болғандықтан, жол бойы өзінің қанша су ішкенін білмейді. Осының салдарынан артық гидратану, гипонатриемия болған. Сол күні ауруханаға жеткізілген. Сөйтсе, өзі де суды көп ішкен оған сұйықтығың азайған деп айналасындағылар тағы да су берген. Содан кейін құлап түсіп, үш күн бойы ес-түссіз жатқан.

Осыдан кейін, суға көбірек мән бере бастаған Пакенем биылғы марафон алдындағы берілетін негізгі кеңестің суды көп ішу туралы екенін байқаған. Достары да соны айтады, плакаттарда да сол ілініп тұр. Ол өзін марафоннан кейін нашар сезінгенде су ішудің орнына соған қарсы дәрі ішу керек екенін білмеген.

«Бар болғаны – қандағы натрий мөлшерін арттыратын электролиттің бірнеше таблеткасын ішуім керек еді, - дейді ол. – Қаншама марафонға қатыстым, бірақ осыны білмеппін.

Сонда қанша литр су ішу керек? 8 стақан керек пе, жоқ па? Мұндағы мәселе тек су күйіндегі сұйықтық емес, құрамында суы бар, қант қосылмаған кез келген сусындарға келіп тіреледі: майлылығы төмен сүт, шай, кофе, жеміс-жидектер, көкөністер...

Сарапшылар адамның сұйықтыққа деген қажеттілік – жас мөлшері, салмақ, жынысқа және қоршаған орта жағдайы мен физикалық белсенділікке байланысты екенін айтады.

Сондай-ақ, мамандардың көбі біздің күніне белгіленген сұйықтық мөлшерін тұтынуға соншалық тырысудың керегі жоқ дейді. Адам ағзасы керек кезінде өзіне не қажет екенін білдіреді. Сіз шөлдейсіз! Міне, бұл да қарныңыздың ашқаны, шаршағаныңыз сияқты маңызды белгі.

Суды шамадан тыс көп ішудің бір ғана пайдасы болуы мүмкін – дәретханаға қайта-қайта жүгіріп, көбірек калория жұмсайсыз...

Жессика БРАУН,

BBC Future

Фото: hi-news.ru

Байланысты жаналықтар

Кестеші қыз (грек ертегісі)

30.03.2020

Бала Божко министрге: «Шешімді жүре қабылдайсыздар»

21.02.2020

Солтүстікте қоныс аударушыларға 714 үй салынады

24.03.2020

Тоқаевтың бір жылы: Шындықтан қаша алмадық

18.03.2020

Сарсаңмен өткен сол бір кез... (Жалғасы)

06.04.2020

Еңбекші мигранттар енді еркін жүре алмайды

19.02.2020
MalimBlocks
Кестеші қыз (грек ертегісі)

Бала Божко министрге: «Шешімді жүре қабылдайсыздар»

Солтүстікте қоныс аударушыларға 714 үй салынады

Тоқаевтың бір жылы: Шындықтан қаша алмадық

Сарсаңмен өткен сол бір кез... (Жалғасы)

Еңбекші мигранттар енді еркін жүре алмайды