Ермекбаев: Әскери бөлімдегі өртті сөндіру кезінде 4 әскери қызметші қаза тапты

Елнұр Бақытқызы

  • 27.08.2021

Байзақ ауданындағы әскери бөлім қоймасында жарылыс салдарынан болған өртті сөндіру кезінде төрт әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы бүгін өткен онлайн брифингіде қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

"Қаза тапқандар арасында тұрғындар жоқ. Полковник,  әскери прокурор Қапезов, сержант Мішенбаев, ефрейтор Жанболатов және әскери күзет қызметкері Дәлібаев мерт болды. Қаза тапқан әскер қызметшілердің туыстарына көңіл айтамыз", - деді Ермекбаев.

Министр қазіргі кезде жарылыстар тоқтағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қоймада оқ-дәрі көп болмаған, олардың ұшу радиусы 3 км.

"Оқиға себептері анықталып жатыр. Біз қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, химиялық реакция, өздігінен өртену немесе қасақана өртеу тәрізді  себептерді жоққа шығармаймыз", - деді қорғаныс министрі.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, Тараз қалалық ауруханасында 28 адам ем алып жатыр. Олардың алтауының жағдайы орташа ауыр, бірақ өміріне қауіп жоқ. Байзақ ауданының ауруханасында дәрігерлік көмек алған жеңіл жарақат алған 60 адам үйіне қайтарылды.

Байланысты жаналықтар

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

26.04.2024

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

25.04.2024

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024
MalimBlocks
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

Іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады.

Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

Заңға қол қойған АҚШ президентінің сөзінше, Украинаға арналған көмек бірнеше сағатта межелі жеріне жөнелтіле бастайды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.