Ермекбаев: Отставкаға кетуді сұраймын

Елнұр Бақытқызы

  • 27.08.2021

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған  әскери бөлімдегі жарылыстан кейін отставкаға кетуді сұрайтынын мәлімдеді. Бұл туралы министр "Азаттық" радиосы тілшісінің отставкаға кету туралы сұрағына жауап бергенде айтты.

"Қазір басты мақсатым, апат салдарын жою. Отставка мәселесі қызықтыратын болса, осы хабарды естігеннен кейін бірінші минутта отставкаға беру, отставка сұрау туралы шешім қабылдадым. Отставканы сұраймын, ал қалай болатынын жоғары басшылық шешеді", - деді Нұрлан Ермекбаев "Азаттық" тілшісіне.

26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі жарылыс болып, өрт шықты. Өртті сөндіру кезінде төрт әскери қызметкер қаза тапты. Ондаған адам жараланды. 60-тай адам жеңіл жарақат алды, Байзақ ауданының ауруханасында оларға көмек көрсетілген соң, үйлеріне жіберілді. 28 адам Тараз қаласындағы ауруханада жатыр, алтауының жағдайы орташа ауыр.

Қазақстанда екі жылда осымен екінші әскери қоймада жарылыс болды. 2019 жылдың маусымында Арыс қаласындағы қоймада өрт шығып, жарылыстарға ұласты. Оқиғадан төрт адам қаза тапты, олардың бірі бала. 40 мыңнан астам тұрғын Арыстан Шымкентке эвакуацияланды.

Фото: ortcom.kz

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

18.04.2025

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

18.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

18.04.2025

Президент ҚХА төрағасының жаңа орынбасарларын қабылдады

17.04.2025

Тоқаев митрополит Александрды марапаттады

17.04.2025

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

17.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Президент ҚХА төрағасының жаңа орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА төрағасының орынбасарларын қабылдады

Тоқаев митрополит Александрды марапаттады

Тоқаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.