Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 13.09.2021

Алматы облысында оқу жылы басталғалы бері 244 сынып карантинге жабылған. Бұл жөнінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов мәлімдеді.

«Мектептерді біз әлі карантинге жапқан жоқпыз. Біз қазір вирус жұқтырған балаларды анықтау мен сыныптарды екі апталық карантинге жабу жұмыстарын жүргізудеміз. Қазір 244 сынып екі апталық карантинге жабылды. Бұл 2800 бала. Облыс бойынша 22 400 сынып бар. Соның 244 карантинге жабылды. Бұл жалпы сыныптың 1 пайызын құрайды. Облыс мектептерінде 442 мың бала оқып жатыр», - деді Байжұманов орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз брифингінде.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, коронавирус жұқтырған оқушылардың басым көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар. Қыркүйектің 1-і мен 13-і аралығында облыс бойынша 422 мектеп оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталған. Оның 202-і сабақ уақытымен байланысты емес.

Фото: Ашық дереккөздерден

Байланысты жаналықтар

Дәрігер: Індет шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ

02.07.2020

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

26.03.2021

Алматыда коронавирустан аурухана қызметкері қайтыс болды

16.05.2020

Бұл дүрбелеңнен шығуға 10 миллиард доллар кетеді...

23.03.2020

Демалыс күндері қай қалаларда карантин күшейтіледі?

18.06.2020

Жаңа жылдан Ashyq "көктер" үшін жабық болады

28.12.2021
MalimBlocks