Қонаевта төбелес кезінде адамды көлікпен қаққан күдіктілер ұсталды

Алматы облысында кісі өлтіруге оқталды деген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, сотқа дейінгі тергеу басталды. «Ізі суымай» екі күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Оқиға видеосы бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Кадрларда төбелес сәті және оның бір қатысушысының жүріп келе жатқан жеңіл көлікпен қағылғаны көрінеді. Соққыдан зардап шеккен адам бірден шетке ұшып кеткен.
Фото: видеодан скрин

Ең көп оқылған
