457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы облысында жойқын жарылыстан 3 адам мерт болды

Алматы облысында метал қабылдау бөлімшесінің аумағында болған жарылыстан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап. 


Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға Іле ауданындағы металл қабылдау пункттерінің бірінде болған.

Белгісіз заттың жарылысы салдарынан үш адам қаза тапты. Олардың мәйіттері оқиға орнынан табылды. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі барды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатқаны айтылған.

Барлық тергеу әрекеті заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуда, - делінген.  

Фото: Ақорда 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған