Pfizer егілетін адамдар тізімі толығуы мүмкін - Цой 

Айшолпан КЕРІМ

  • 11.10.2021

Қазақстанда Pfizer вакцинасы егілетін адамдардың тізімі толығуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. 

«Pfizer вакцинасына тоқталсақ, бастапқы кезеңде бұл екпелер 12 жастан бастап балаларға және жүкті әйелдерге арналады. Кейін осы вакцинамен қамтылатындар тізімін кеңейтуіміз мүмкін», - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттар сауалына жауап бере отырып.

Цойдың айтуынша, қазіргі таңда Pfizer вакцинасы 12-17 жас аралығындағы балалар мен жүкті әйелдерге рұқсат етілген жалғыз екпе болып тұр. Министр осыған байланысты Pfizer компаниясымен 2021 жылдың соңына дейін 4 млн доза вакцинаны жеткізу бойынша шартқа қол қойылғанын айтты.
Қазіргі уақытта республика азаматтарына Спутник -V,«QazVac», «Hayat-Vax», «КоронаВак» және «Синофарм» сынды бес түрлі вакцина қолжетімді.

Байланысты жаналықтар

Карантинді тағы екі аптаға ұзартыпты

29.07.2020

Министр Цой дәрігер реабилитологтың видеосына пікір білдірді

05.07.2020

Цойды сотқа шақыру сұралды

28.04.2021

Соңғы тәулікте 109 мың қазақстандық КВИ-ға қарсы вакцина алды

01.05.2021

Цойдың цифры шатастырады

03.08.2020

Жемқорлыққа байланысты президент тапсырмасы орындала ма?

11.09.2020
MalimBlocks
Карантинді тағы екі аптаға ұзартыпты

Министр Цой дәрігер реабилитологтың видеосына пікір білдірді

Цойды сотқа шақыру сұралды

Соңғы тәулікте 109 мың қазақстандық КВИ-ға қарсы вакцина алды

Республика бойынша 2021 жылғы 30 сәуірдегі вакцинациялаудың тәуліктік қарқыны 109 мыңға дейін өсті және ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі деректермен салыстырғанда 11 есеге ұлғайды.

Цойдың цифры шатастырады

Жемқорлыққа байланысты президент тапсырмасы орындала ма?