Қызылша жұқтырған балалардың көбі – екпе алмағандар

Арман Қайыпхан

  • 29.04.2025

Қазақстанда биыл 1363 бала қызылша жұқтырған. Олардың басым бөлігі – екпе алмағандар, деп хабарлады Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қызылшаға шалдыққан балалардың 75 пайызы вакцина салдырмаған. Ауру көрсеткіші бойынша Жамбыл облысы алда келеді – бұл өңірде 300-ге жуық бала сырқаттанған. Одан кейінгі орында – Астана қаласы мен Ақмола облысы.

Мамандардың айтуынша, биылғы жағдай өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда тұрақты. 2023 жылы дәл осы кезеңде қызылша жұқтырғандар саны 21 мыңнан асқан еді.

Сондай-ақ көкжөтелге байланысты жағдай да жақсарған. Былтыр 550-ге жуық бала осы дертке шалдықса, биыл тіркелген жағдай – 183. Оның ішінде 89 пайызы екпе алмаған.

"Қызылша мен көкжөтел – ауа арқылы тез тарайтын жұқпалы аурулар. Оларды тек вакцина арқылы ғана тоқтата аламыз," – дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бас маманы Эльмира Құрбанбекова.

Оның айтуынша, қызылшаға қарсы екпе балаларға 1 және 6 жасында салынады. Көкжөтелге қарсы да дәл осындай егулер қарастырылған. Сондықтан дәрігерлер ата-аналарға балаларына уақытылы вакцина салдыруды қатаң ескертеді.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген