Маймыл шешегіне қарсы вакцина салына ма?

ДДСҰ маймыл шешегін халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады

Malim Админ

  • 22.08.2024

Әлем елдеріне таралып жатқан маймыл шешегі вирусына қарсы вакцина салынбайды.

Еуропадағы жұртшылық үшін аурудың қаупі төмен деп хабарлайды Euronews. Еуропалық Одақ шекаралық бақылауда немесе қауымдастық деңгейінде қосымша шаралар қажет деп санамайды. 


Еурокомиссияның денсаулық сақтау қауіпсіздігі жөніндегі комитеті Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы мен Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің сарапшыларымен кездесуден кейін осындай қорытындыға келді. 

Кездесу бейнеконференция түрінде және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Африканың ауруларды бақылау орталығы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Еурокомиссия өкілінің Euronews-ке хабарлауынша, қоғамдық денсаулық жағдайы қазіргі уақытта шұғыл шараларды қажет етпейді. Дегенмен, Комитет үйлестірілген тәсілдің маңыздылығын және жағдайды мұқият бақылауды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасы мен көршілес Африка елдеріндегі індетке байланысты маймыл шешегі (mpox) ауруын халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады.

Аурулардың алдын алу және бақылаудың Еуропалық орталығы сонымен қатар вирустың Африкада таралуына байланысты маймыл шешегін сырттан әкелу жағдайларының жоғарылау қаупі бар екенін ескертті. Сарапшылар Еуропада вирустың әсері әлі де аз деп санайды, бірақ халықтың хабардар болуын арттыруды, тестілеу жүргізу және науқастардың байланыста болған адамдарды анықтауды ұсынады.

Мамандар маймыл шешегі вирусы тек ауру жануарлардан ғана емес, адамнан адамға жыныстық қатынас немесе ауа-тамшылы жолмен жұғуы мүмкін екенін ескертті.

Фото: dzen.ru  

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген