Еліміздегі 15 жасқа дейінгі қыздардың 90 пайызына вакцина салу ұсынылды

Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, оның 600-і өлімге әкеледі

Арман Қайыпхан

  • 06.06.2024

Астанада "Өзгерістер жолында: жатыр мойны обырын жою үшін АПВ-ға қарсы вакцинациялау саласындағы әйелдердің мықты көшбасшылығы" тақырыбында әйелдер көшбасшыларының форумы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Форумның басты бағыты — әйелдерді жатыр мойны обырынан адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау арқылы қорғау - бұл аурумен күресудің жалғыз дәлелденген әдісі.

Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, оның 600-і өлімге әкеледі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жатыр мойны обыры Қазақстанда сүт безі обырынан кейінгі фертилдік жастағы әйелдердің өлімінің екінші себебі екенін атап өтті.

ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі, доктор Скендер Сыла 2030 жылға дейін 15 жасқа дейінгі қыздардың 90%-ын вакцинациялаумен қамтуды қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

Біздің Қазақстан Үкіметімен бірлескен міндетіміз – жасөспірім қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялауға барынша қолжетімділікті қамтамасыз ету. ДДҰ 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі қыздардың 90%-ын жоспарлы АПВ-ға қарсы вакцинациялаумен қамтуды қамтамасыз етуді ұсынады. Бұл оңай шаруа емес. Бірақ, бізде басқа елдердің сәтті мысалдары бар, әсіресе Аустралияның тәжірибесін атап өткім келеді, онда вакцинациялаудың арқасында жатыр мойны обырының жаңа жағдайлары анықталған жоқ, - деп атап өтті ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі Скендер Сыла.

Биылдан бастап АПВ-ға қарсы вакцинациялау ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне енгізілгенін естеріңізге сала кетейік. 

Осылайша, Қазақстан АПВ-ға қарсы иммундау бағдарламасы жоспарлы негізде енгізілген әлемнің 135 елінің қатарына енді. АПВ-ға қарсы вакцинациялу 11 жастағы қыздарға 6 ай аралықпен екі рет жасалады.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Байланысты жаналықтар

Денсаулық сақтау министрлігі балалардың тамақтану стандартын жаңартпақ

16.01.2025

Полиция вебкам арқылы ақша тапқан «модель» қыздарды ұстады

14.01.2025

Қазақстандықтар биылдыққа емханаларда 103 млн рет қаралған

13.12.2024

Дем алу мүмкін емес, Өскеменде емханаға баратын адамдар 11 пайызға көбейген

29.11.2024

«Ұзақ ауырдым»: Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді

15.11.2024

Ақтөбедегі тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

09.11.2024
MalimBlocks
Денсаулық сақтау министрлігі балалардың тамақтану стандартын жаңартпақ

Министр бұйрығының жобасы жарияланды

Полиция вебкам арқылы ақша тапқан «модель» қыздарды ұстады

Қазақстандықтар биылдыққа емханаларда 103 млн рет қаралған

Дәрігерлерге қаралу ауылдық жерлерде де артқан

Дем алу мүмкін емес, Өскеменде емханаға баратын адамдар 11 пайызға көбейген

Адамдар жүрек айнуына, тамақ пен бас ауруына шағымданып жатыр

«Ұзақ ауырдым»: Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді

Тұрсынбаева осы жолы қатты ауырып жатқанын атап өтті

Ақтөбедегі тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Оларға жарақат пен термиялық күйіктер диагнозы қойылған