Сарапшылар: Қазақтар тәліптермен достасуы керек

Елнұр Бақытқызы

  • 18.10.2021

Қазақстан ресми делегациясының Кабулда тәліптермен кездесуі әлеуметтік желіде екіұдай пікір тудырды. Қазақстан тарапының Кабулдағы кездесуі жайлы ресми хабарда Ақорда "тәліптер мен Талибан" деген сөздерді қолданбай, тәліптерді "Ауғанстанның қазіргі әкімшілігінің өкілдері" деп атаған. Әлеуметтік желі қолданушылары билік өкілдерінің Ауғанстандағы билік басына заңсыз жолмен келген тәліптермен кездесу өткізгенін сынады.

Ресми ақпаратқа қарағанда, делегацияны бастап барған президенттің халықаралық істер жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Ауғанстанның қазіргі әкімшілігінің өкілдері Абдул Ғани Барадармен және Амир Хан Мутаккимен кездесу өткізген. Ержан Қазыхан Ауғанстанға көмек ретінде  мың тонна ұн мен QazVac вакцинасы берілетінін жеткізді.

27 қыркүйек күні Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі тәліптер өкілдерімен кездескенде де билік пен бұл туралы хабар таратқан кейбір ақпарат құралдары “Талибанның” кімдер екенін ашып жазбаған.

"Талибан" – Қазақстанда террористік деп танылған, тыйым салынған ұйым. Тамыз айында Ауғанстанда билікті заңсыз басып алған тәліптер әйелдерге көшеде жүруге, оқу орындарында білім алуға тыйым салды. Ал олардың сот пен тергеусіз адамның дене мүшелерін кесіп, өлім жазасына кесетін баскесерлік әрекеті жайлы тіпті көп жазылды.

Қазақстан билігі өкілдерінің елімізде тыйым салынған террористік ұйым –тәліптермен келіссөз жүргізуі дұрыс па? Астана "Талибанды"  террористік ұйым қатарынан шығаруы мүмкін бе? Осы сұрақтарды сарапшыларға қойып көрдік.

"Бұл тәліптер билгін мойындау"

Экс-дипломат Қазбек Бейсебаев Ауғанстанның қазіргі ресми билігі – тәліптер болғандықтан, Қазақстанның Кабулға барып, олармен келіссөз жүргізгеніне таңғалуға болмайды дейді.

"Тәліптердің билікке келгені ақиқат. Оны біз, әлем мойындауы керек. Көрші Ресей де олармен кездесу өткізіп жатыр. Басқа ел елшіліктері Ауғанстанда қалды. Қазақстанның Ауғанстаннан қашып кеткен бұрынғы мемлекетпен шарттары бар. Ал шарттар саяси емес, сауда мен экономикалық қарым-қатынасқа байланысты. Мысалы, Ауғанстан бізден бидай мен ұн алады. Осы шарттарды жалғастыру керек болғандықтан, өкілдер Кабулға барды. Бұл – қалыпты дүние", - дейді Қазбек Бейсебаев.

Қазбек Бейсебаев Қазақстан мен өзге мемлекеттер Ауғанстанмен қарым-қатынасты жалғастыру үшін тәліптерге қатысты ұстанымын өзгертіп, оларды террористік ұйым тізімінен алып тастайды деп есептейді.

"Ресми өкілдің Кабулға барып келіссөз жүргізуін – Ауғанстандағы билікті мойындау деп түсінген жөн. Келесі қадам – террористік ұйым қатарынан алып тастау", - дейді ол.

"Саясат пен құқық қатар жүре бермейді"

Ал құқық қорғаушы, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис саясат бар жерде құқық екінші орынға ысырылады, саясат пен құқық қатар жүрмеуі мүмкін деген тәмсілді еске түсірді.

"Тек қана диктатура мен авторитарлы режимдер ғана емес, демократиялы режимдерде де саяси мүдде тұрғанда, адам құқықтары кейінге орынға ысырылады. Трамп АҚШ президенті болып тұрғанда террористік ұйымдардың тізімінде тұрған тәліптермен бірде құпия, енді бірде ашық келіссөздер жүргізді. Сондықтан қазіргі саяси жағдай осы – тәліптер билікке екінші рет келді. Қазақстан билігі ел мүддесіне сай олармен келіссөз жүргізетіні анық", - дейді Евгений Жовтис.

Құқық қорғаушы "Талибан" террористік ұйым тізімінде болғандықтан, билік ашық түрде ресми хабарламаларда олармен келіссөз жүргізгенін жаза алмайды, сол себепті "Ауғанстанның қазіргі әкімшілігі" деген тіркесті қолданды дейді.

"Талибан" террористік ұйым тізімінде болғандықтан, тәліптермен келіссөз жүргіздік деп жаза алмайды.  Өйткені онда Ауғанстанды террористер басқарады, ал елдің өзі террористік деген сөз. Егер билік келіссөз жүргізгісі келсе, онда террористік ұйым тімізінен алып тастау керек. Әйтпесе елде "Көше" партиясы, ҚДТ тәрізді экстремистік деп танылған ұйымдардың жұмысына қатысқан белсенділерді соттайды да, биліктің өзі террористермен келіссөз жүргізеді. Бұл – когнитивті диссонанс", - дейді Жовтис.

Сарапшы екінші жағынан "Талибанмен" келіссөз жүргізу өте маңызды деп санайды. 

"Ауғанстанмен ортақ шекарамыз жоқ болса да, көршілеріміз ол елмен шекаралас. Билікке террористік ұйым келіп, радикалды діни экстремизмді насихаттап жатқанда, мақсатымыз – ол ағымның елге кіріп кетуіне жол бермеу. Сондықтан үкіметтің бейтараптықты сақтап, келіссөз жүргізуі маңызды. Бұл ел ішінде тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікті сақтау тұрғысынан қарағанда, миға қонымды қадам", - дейді Жовтис.

Фото: Akorda.kz

 

 

Байланысты жаналықтар

Лукашеноконы сыбаған жігіт сотталды. Беларусьтегі соңғы жаңалықтар

22.11.2024

Ресей Солтүстік Кореяны заңсыз мұнаймен қамтып отыр

22.11.2024

Премьер-министр Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

22.11.2024

Тоқаев Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

22.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады

21.11.2024

APEC көшбасшылары еркін сауда жүйесін сақтауға келісті

21.11.2024
MalimBlocks
Лукашеноконы сыбаған жігіт сотталды. Беларусьтегі соңғы жаңалықтар

«Мемлекет басшысының беделіне, оның жеке және кәсіби қасиеттеріне, сондай-ақ жалпы мемлекеттік биліктің беделіне нұқсан келтіретін» «қорлайтын» сөздер айтқанын мойындаған.

Ресей Солтүстік Кореяны заңсыз мұнаймен қамтып отыр

Солтүстік Корея Ресейге берген қару-жарағы мен соғысқа аттандырған сарбаздары үшін Ресейден мұнай алып отыр

Премьер-министр Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды

Тоқаев Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады

Кездесуде өзара мүдделі ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды

APEC көшбасшылары еркін сауда жүйесін сақтауға келісті

Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (APEC) – Тынық мұхиты жағалауындағы 21 елдің халықаралық ұйымы, ол әлемдік экономиканың 60%-ын құрайды және өңірлік экономикалық, ынтымақтастық, сауда және инвестицияларды бөліседі.