Тәуелсіздік күнін 25 қазанда атап өтуді ұсынды

Айшолпан КЕРІМ

  • 20.10.2021

Тәуелсіздік күнін 25 қазанда тойлап, ал 16 желтоқсанды «жалпыұлттық қаралы күн» деп бекіту керек. Бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген жазушы Марат Тоқашбай, Есенқазы Қуандық, желтоқсаншы Халелхан Ыбрайымханұлы мен Жанат Қазақбай осындай бастама көтерді. 
Жазушы Есенқазы Қуандықтың сөзінше, Тәуелсіздік күнін боздақтардың қаны төгілген күні тойлату – тарихты мазақтаумен тең.
«16 желтоқсан Тәуелсіздік күнін тойлау – құнсыз, легитимсіз, кезінде бөлініп шығу үшін қажет болған соң істей салынған әрекет.  Қайғылы, қасіретті күрес жалғасы болған қаралы күнді мейрам ету қазақ халқының менталитетіне жат нәрсе. Осы ойымызды халық болып қолдайсыздар деп үміттенеміз. Мұны айтып, шырылдап жатқанымыздың басты себепкері – жастар. Жастар қазір бұрмаланған тарихты оқып, тәуелсіздікті Назарбаев алып берді деп жүр. Тарих ұмыт болмауы керек, тарихқа қастандық жасауға болмайды»,- дейді ол.
Желтоқсаншы Халелхан Ыбрайымханұлы жазушының ойын құптайды екен.
«16-17 желтоқсан гүл қойып қайтқан соң, не біреуге барып «Мейрамыңмен!» деп құттықтай алмаймыз, не жылап, көңіл айта алмаймыз. Екі ойлы болып жүргелі отыз бес жыл болды. Желтоқсаншылардың алды өліп жатыр. Арты болып біз қалдық. Қазір алдымызда тұрған іс – осы мәселені шешу. 16-17 желтоқсан - "Еске алу күні" десін, қаралы күн жарияламаса жарияламай-ақ қойсын. 25 қазан – "Тәуелсіздік күні!" деп аталсын. Бар ұсынысымыз осы», - деді желтоқсаншы.

Бастама көтергендер Тәуелсіздік күнін жаңаша тойлауды алдағы демалыс күндері бастап кетуге шақырды. 
«Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қыдырәлі Оразұлы 23-25 қазан аралығында Тәуелсіздік алаңына гүл шоғын алып шығып, отыз жылдық мерейлі датаны ауыл-аудан деңгейінде тойлауды, осы іске жастардың белсене қатысуын сұрайтынын жеткізді.
«Биыл 25 қазан дүйсенбіге түсетіндіктен, билік бұл ұсынысымызға не деп жауап берері белгісіз, сондықтан  23-25 қазан аралығында мерекені үш күн тойлауға ат салысуды ұсынамыз, алаңдарға шығып, әкімшілікке барып, ту ұстап, жастарды жинап, тойлаңыздар. Бұл күннің мәртебесін арттырайық. Ал 16 желтоқсан күні 1986 жылы Алматыда, 2011 жылы Жаңаөзендегі ереуілге шығып, қаза болғандарды еске алу күні болып бекітілсін. Сондай-ақ, саяси тұтқындарды босатып, қуғын сүргінді тоқтатуды ұсынамыз», - деді ол.

Еске сала кетейік, 25 қазан "Республика күні" ретінде Қазақстанда 1992 жылдан бастап аталып өтіліп, 2001 жылы мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілді. Ал 2009 жылы сәуірде Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.

Байланысты жаналықтар

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

07.04.2024

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

05.04.2024

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

05.04.2024
MalimBlocks
Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

Ол – қазақ тілінде алғаш детектив жанрында қалам тербеген санаулы жазушының бірі.

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

87 жыл бұрын (1936-2020) – Қазақстанның тіл ғылымы саласындағы әйгілі академик Өмірзақ АЙТБАЕВ дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz.