Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен соттасып жатыр  

  • 08.11.2021

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау үшін кәсіпкерлер үстінен сотқа екі талап арыз түсірді деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. Талаптардың бірі кәсіпкер Болат Бағадаевқа («ГРК Топаз» ЖШС басшысы) қатысты. Тағы біреуі – 22 шығысқазақстандық кәсіпкерге, оның ішінде Серікжан Айкелиев («Семей автобус» ЖШС құрылтайшысы болған), Рафаил Хазипов (Семей қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жалғыз иесі, қалалық мәслихат депутаты), Бауыржан Қайрамбаев  («Гордорстрой» ЖШС директоры.), Қайрат Смағұлов (жеке кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты), Александр Федосов («ДСУ 14» ЖШС директоры). Бұл тізімде сондай-ақ қоғам қайраткері Николай Исаев та бар. Болат Бағадаевқа қатысты талап-арыздың неліктен бөлек қозғалғаны әзірге түсініксіз. Белгілі болғандай, Өскемен соты ағымдағы жылдың 26 ​​қазанында талап арыздарды өндіріске қабылдау туралы ұйғарым шығарған. Азаматтық істер қозғалды. «Татуластыру рәсімі талапкердің бас тартуына байланысты болған жоқ» делінген сот құжатында. Бүгін тараптар іс бойынша дайындық жүргізу үшін сотқа шақырылды. Алдын ала тыңдау 18 қарашаға белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың сәуір айында сотта аты-жөні жарияланған облыстың бірнеше кәсіпкері дөңгелек үстел ұйымдастырып,  мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар туралы айтып, өңір басшысының әрекеттерінен зардап шеккендерін баспасөз жиынында дүйім елге шаққан еді. Олар аймақтағы барлық тапсырыс өңір басшысына жақын топтағы кәсіпкерлерге беріледі деп мұңын шаққан еді. Сол жиында «Металлист» ЖШС-ның жетекшісі  Айдос Серікқалиұлы «Біз ШҚО басшысы Данимал Ахметовтің лауазымын босату туралы мәселені қарастыруды сұраймыз. Ол мемлекеттік биліктің абыройына нұқсан келтіруде. Біз өзіміздің дұрыс нәрсе айтып отырғанымызға сенімдіміз және алдағы уақытта өз азаматтық ұстанымызды қорғаймыз», – деп мәлімдеме жасап, облыс басшысының отставкаға кетуін талап еткен еді.  Өз кезегінде облыс әкімдігі кәсіпкерлер осылайша жергілікті билікке қысым көрсетіп, талаптарын орындауға мәжбүрлемекші деген ой айтты.  Айта кету керек, бұған дейін кәсіпкерлер облыс әкімдігімен белсенді жұмыс істеп, қомақты тендерлер алған.

фото: ratel.kz 

Сәке Әкімбай

Байланысты жаналықтар

Саясаттан кеткен Даниал Ахметов Парижде спортшыларға қолдау көрсетіп жүр

05.08.2024

Шығыс Қазақстан облысында әйелге найзағай түсіп, қаза болды

03.07.2024

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

24.04.2024

Шығыс Қазақстан облысында қуаты 3,3 балдық жер сілкінісі тіркелді

03.04.2024

Даниал Ахметовтың қызы 51,1 млн субсидия алды

04.07.2023

Ахметов кетіп, Көшербаев келді 

16.06.2023
MalimBlocks
Саясаттан кеткен Даниал Ахметов Парижде спортшыларға қолдау көрсетіп жүр

Экс-әкім жеңіл атлеттермен кездесу өткізді.

Шығыс Қазақстан облысында әйелге найзағай түсіп, қаза болды

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өз қызметкерлері оқиға орнына шақырту алмағанын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

Сейсмологтардың айтуынша, зілзала - 2 балл.

Шығыс Қазақстан облысында қуаты 3,3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінің шығысындағы Боран ауылында магнитудасы 3,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Даниал Ахметовтың қызы 51,1 млн субсидия алды

Даниал Ахметовтың қызы Әделия Ахметова Павлодар облысында өзінің ауыл шаруашылығын дамыту үшін 51,1 миллион субсидия алған,- деп хабарлайды Курсив.

Ахметов кетіп, Көшербаев келді 

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жылға жуық Шығыс Қазақстан облысын басқарған Даниал Ахметовті қызметінен босатты. Елдің шығысындағы өңірдің жаңа әкімі болып Ресейде үш жыл елші қызметін атқарған Ермек Көшербаев тағайындалды.