Тоқаев: ҰҚШҰ екі күннен кейін елде шыға бастайды

  • 11.01.2022

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліске Әлихан Смайловты жаға премьер-министр ретінде таныстырды. Мәжіліс Ә.Смайловтың лауазымына келісім берген соң, президент мәжіліс депутаттары алдында онлайн форматта сөз сөйлеп, елдегі әлеуметтік-экономикалық, құқықтың салада атқарылатын шаруларды атап өтті.

 Сөз арасында президент екі күннен кейін ҰҚШҰ контингенті біртіндеп елден шығарыла бастайтынын да мәлімдеді.

«ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің негізгі миссиясы аяқталды. Екі күннен кейін біртіндеп шығарыла бастайды. Контингентті шығару процесі он күннен аспайды» деді  мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Тоқаев қоғамда дау тудырған утилизация алымына да тоқталды. Ол утилизациядан түскен қаржы аударылатын «Оператор РОП» компаниясының жұмысын тоқтатуды бұйырды.

«Кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда «Оператор РОП» компаниясының қызметіне байланысты сауалдар көп. Бұл жеке компанияға қарсы тіпті қандай да бір қоғамдық қозғалыс та құрылған. Үкіметке утилизациялық алымды жою үшін шара қолдануды тапсырамын» деді президент.

Тоқаев шетелдегідей утилизациялық алыммен жеке компания емес, мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс деп мәлімдеп, алымның көлемі де қайта қарастырылуы тиіс деді. Айта кетерлігі, Тоқаев атап айтып отырған "Оператор РОП" ЖШС-ін көпшілік экс-президенттің кіші қызы Әлия Назарбаевамен байланыстырады.

Ел ахуалын жақсарту керек, есеп үшін есеп, бақылау үшін бақылау жасағанды қойып, халыққа пайдалы нәтиже үшін жұмыс істеуге шақырған президент үкімет мүшелерінің, әкімдердің, депутаттардың айлығын көтеруге бес жылға мароторий жариялады.

Сондай-ақ, халық бақылауында болатын халықтың қор құру қажеттігін көтерді. Осы тұста ол бірінші президенттік кезеңі туралы айтып өтті.

«Бірінші президент -елбасы  тұсында өте табысты компаниялар мен халықаралық деңгейдегі бай адамдардың тобы пайда болды. Халыққа тиесіліні халыққа беретін, жүйелі түрде көмектесетін уақыт келді. Үкімет компанияларды анықтап, олармен «Қазақстан халқына» қорына аударатын салымдарын анықтауы тиіс» деді. Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде Назарбаев жайлы бұдан басқа сөз  айтқан жоқ.

Қараусыз, ешкімнің бақылауына бағынбайтын кеден саласындағы жағдайды тексеруге тапсырған президент саяси реформадан бас тартпайтынын да айтты. Бірақ, бүгінгі сөзінде саяси реформаға қатысты нақты тапсырма, бағыт айтқан жоқ. Дегенмен, күзге қарай бағдарламасын жария ететін сөз соңында айтып өтті.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

05.04.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

23.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

22.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

20.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

18.03.2024
MalimBlocks
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

Екі ел басшылары өңірлік күн тәртібін талқылап, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

Осы уақыт аралығында қандай маңызды шешім қабылданды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.