Бізге бір емес, екі түрлі санкция салынуы мүмкін - экономист

"Егер бізді Еуропа елдері агрессордың одақтасы деп танитын болса, Ресейге салынған санкциялардың бізге де салынатыны анық". Экономист Марат Әбдірахмановпен сұхбат.

Ақниет Аманжолқызы

  • 02.03.2022

Британия парламентінде Ресей президенті Владимир Путиннің агрессорлық саясатын қолдау мүмкін деген елдерге, оның ішінде Қазақстан мен Әзербайжанға санкция салу туралы мәселе талқыланды. Malim.kz тілшісі экономист Марат Әбдірахмановпен салынуы мүмкін санкциялардың Қазақстан экономикасына тигізер әсері туралы тілдесті.

 

- Британия үкіметінің Украинадағы соғысқа байланысты Қазақстанға қатысты санкцияларды талқылап жатыр. Мұның алдыңғы Қазақстан элитасына қатысты санкциядан қандай айырмашылығы бар?

- Байқасаңыз, кеше «Қазақстанға санкция салу» туралы ұсыныс айтқан адам осыдан біраз уақыт бұрын еліміздегі Қаңтар оқиғасынан кейін «Қазақстан элитасына санкция салу» туралы ұсыныс тастаған (Британия парламентінің мүшесі Маргарет Ходж – ред.). Бізге екі түрлі санкция салынуы мүмкін. Біріншісі, Қаңтар қырғынына қатысты жеке тұлғаларға салынады. Яғни осы қырғынды ұйымдастырған, бұйрық берген және соған қатысы болған тұлғалар. Екіншісі, мемлекетке салынатын санкция. Егер бізді Еуропа елдері агрессордың одақтасы деп танитын болса, Ресейге салынған санкциялардың бізге де салынатыны анық. Дәл осындай санкциялар қазір АҚШ-та және Германияда талқыланып жатыр. Екі жағдайды салыстырмауымыз керек. Бірақ екеуінің бірдей келетіні анық.

- Бұл біздің экономикаға қалай әсер етеді?

- Біріншіден, біздің импорттың бәрі доллармен келеді. Қытайдан, Пәкістаннан, Ираннан болса да, бәрін доллармен сатып аламыз. Экспортты да доллармен жасаймыз. Мендегі мәлімет бойынша Үндістан, Пәкістан және Argus (Халықаралық мұнай-газ саудасына қатысты британдық компания) біздің мұнайдан бас тартты. Ол жалпы Қазақстанның өндіретін мұнайының 70 пайызын сатып алатындар. Газға келсек, Қазақстан өндірген газының 20 пайызын ғана тұтынушыларға таратады. 80 пайызын Ресейге және Батыс Еуропаға экспорттайды. Бұл сауда да тоқтады. Егер елге түсетін қаржыдан осы ақшаны алып тастасақ, не болады? Бізде сататын басқа тауар жоқ. Мемлекеттің алтыны Лондонда жатыр, елдің ішінде доллар аз.

- Біздің экономика қалай құлдырап кетті? Үкімет бұнымен қалай күреседі?

- Президент 1 наурызда реформа болады деген. Алайда тек партияның атын өзгерту туралы әңгіме ғана айтылды. Бұны қалай түсінеміз? Біз санкцияға дайын емеспіз, адамдар аштан өлсе де маған бәрібір деген сөз бе? Мұның да әсері бар. Бәрі әлі алда болады. Доллар өсе береді, 90-жылдардағыдай базардың бағамы бөлек, банктің бағамы бөлек, биржаның бағамы бөлек, үкіметтің бағамы бөлек болады. Осы жағдайға Ұлттық банктің өзі әкеп тұр. Біздің Ұлттық банктің доллар мен рубльге бағамы басқаша, Ресейдегі РБКның теңге мен долларға бағамы басқа, дүниежүзілік сауда нарыңының бағамы басқа. Осындай әр тарапты бағамның кесірі бірінші кезекте Қазақстан экономикасына кері әсер етеді.

- Егер доллар бағасының өскені тоқтамай, оның үстіне санкциялар салынатын болса, мұның халыққа әсері қандай болады?

- Бірінші кезекте қаржы нарығына келеді. Банктерге деген сенім жоғалады. Қазірдің өзінде паника басталды. Мен бүгін бірнеше банкте болдым, бәрі жаппай депозиттегі ақшаларын шешіп алып жатыр. Осылайша қаржы нарығы әлсірейді. Екінші кезекте саудагерлер банкрот болады. Себебі шетелден алатын тауарлары доллармен болғандықтан, теңгемен есептегендегі құны айтарлықтай өседі. Үшіншісі, құрылыс саласы. Құрылыс қажетті заттардың бәрі шетелден келеді. Яғни, олар өздеріне қажетті затты жоғары бағамен алғандықтан, оларда құлдырау пайда болып, тұрғын үйдің құны да артады.

- Бұл санкциялардан сақтану үшін қандай шаралар қабылдау керек?

- Біздің елде экономиканы тұрақтандыру үшін саяси өзгерістер енгізу керек. Тоқаев уәде берген сайлау реформасын жасап, қабілетті адамдар билікке келу керек. Қазіргі биліктегі адамдардың ешқайсысы бұл жағдайда не істеу керектігін білмейді. Себебі олардың бұл іске деген қабілеті жоқ. Бізге бірінші кезекте қабілетті, дұрыс аудит жасай алатын, мемлекеттік қаржыны бақылап отыра алатын адамдар керек. Өкініштісі ондай адамдарды билікке жібермейді. Себебі қазір квазимемлекеттік ұйымдар шетелге шығарып отырған қаражатты бақылайтын болады. Егер квазимемлекеттік ұйымдарды мемлекеттік қылатын болсақ, мемлекеттің пайдасы біраз көбейеді. Бір ғана ереже болу керек: алдымен саясат, сосын экономика.

 

Кеше Украинадағы соғысқа байланысты Британия парламентінің мүшесі Маргарет Ходж  Мәскеуге ғана емес, Нұр-Сұлтан мен Бакуге де санкция салу керектігін айтты. Оның сөзінше, бұл елдер Путиннің агрессорлық саясатын қолдауы мүмкін. Елдің Сыртқы істер министрі Элизабет Трасс әзірге негізінен Ресей мен Беларуське салынатын санкция талқыланып жатқанын, алайда, бұл елдер де болашақта санкцияға тап болуы мүмкін екендігін айтты.

Осы ақпараттан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туиттердегі парақшасында Украина мен Ресей арасындағы жағдайды «соғыс» деп жазып, екі елді бейбіт келісімге келуге шақырып, Қазақстанда келісім өткізуді ұсынды.

Бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Британияның елшісін сөйлесуге шақырғаны белгілі болды.

Айта кетейік, 4 ақпан күні британдық парламент мүшесі Маргарет Ходж Қаңтар оқиғасына байланысты Қазақстандағы лауазымды тұлғаларға санкция салу мәселесін көтерген болатын. Ол тізімге бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның әулетінің мүшелері және белгілі бизнесмендер енген болатын.

Ресей президенті Владимир Путин Украинаға тиесілі «сепаратистік» мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындаған. Кейін оларға қауіп төніп тұр деген желеумен Украина қалаларын бомбалап, әскери «іс-қимылдар» бастаған. Бұл әрекетті ресми Киевпен әлемнің көптеген елдері «соғыс» деп атады. Қарулы қақтығыстар әлі де жалғасып жатыр. Әзірге Қазақстан билігі бұл жағдайға қатысты түсінікті мәлімдеме жасаған жоқ.

Байланысты жаналықтар

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

26.04.2024

Дәурен Абаев қызметінен кетті

25.04.2024

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

25.04.2024

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

25.04.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

25.04.2024
MalimBlocks
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері Астанаға келді

Іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысады.

Дәурен Абаев қызметінен кетті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бас хатшысы Сергей Лебедев Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды.

Байден Украинаға 61 миллиард долларлық көмек беретін заңға қол қойды

Заңға қол қойған АҚШ президентінің сөзінше, Украинаға арналған көмек бірнеше сағатта межелі жеріне жөнелтіле бастайды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

«Дүрбелең тудырып байбалам салады»: Президент блогерлерге ескерту жасады

Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Президент мемлекет қаржысы қатаң үнемделетінін айтты

Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды.