Майнер деген кім, майнинг деген не?

15 наурыз күні қаржылық мониторинг агенттігі Болат Назарбаев, Қайрат Шәріпбаев пен Ерлан Нығматулинге қатысы бар 55 заңсыз майнинг ферманы анықтады. Халық жаңалықты қалай қабылдау керегін білмеді. Себебі майнинг фермалардың жұмысынан хабары жоқ. Malim.kz тілшісі осы сала маманы Роланд Михайловпен тілдесіп, майнингтің жұмыс ережесі мен табыс көзін анықтады.

Ақниет Аманжолқызы

  • 18.03.2022

   -Майнинг ферма деген не?

   -Майнинг ферма криптовалюта өндіруге және аударуға көмектесетін құрылғы, яғни машина. Бұндай құрылғыларды өндіруден Қытайдағы Bitmain компаниясы бірінші орында тұр. Ферма арнайы чиптерден немесе карталардан тұрады.

   -Олар қалай ақша табады?

   -Криптовалюта өндіру арқылы және аударым кезінде ақша табады. Мысалы, сіз менің жасаған жұмысым үшін маған ақша аударуыңыз керек. Оны сіз банк арқылы аудара аласыз. Бірақ олардың комиссиясы жоғары. Сондықтан мен сізге екеуміздің ақшамызды шашпас үшін криптомен аударуды ұсынамын. Сол кездегі аудару комиссиясын осы қызметті ұсынған майнерлер алады. Олардың комиссиясы өте төмен. Және майнерлер саны көбейген сайын комиссия құны арзандай береді.

    Майнерлердің саны көбейгенін мынадан байқауға болады. Ең алғаш криптомен аударым жасау кезінде оған бір сағат уақыт кететін. Қазір максимум 5 минутыңыз кетуі мүмкін. Тағы бір тиімді тұсы, криптовалюта бағамы біз үйренген қарапайым валюталарға қарағанда күн санап өседі. Мен сізден келген криптоны сатып, доллар алып, кейін оны өзіме тиімді валютаға ауыстырып аламын. Немесе крипто күйінде сақтап қойсам да болады. Бұл банкте ақша сақтағаннан әлдеқайда сенімді.

    Кәсіби майнерлер крипто арзандаған кезде сатып алып, жинақтап, бағасы өскенде қайта сатып пайда табады. Және олар баға өскенде құрылғыларын қосады, себебі аударымдар көп болады. Ал баға төмендегенде, құрылғыны өшіруге тырысады.

   -Қазір қандай криптовалюта түрлері танымал?

   -Ең қатты танымалы биткоин. Оны бәрі естіген болар. Екінші орында эфириум. Екеуіне екі түрлі майнинг ферма керек. Биткоинның фермасын қытайлық Bitmain және Whatsminer компаниялары өндіреді. Қазір американдық Intel компаниясы оларға бәсекелес болуға тырысып келеді. Бірақ қытайлықтар алдыңғы орында. Бұрын биткоинды қарапайым компьютермен өндіретін, өндіріс күрделенгеннен кейін биткоинға арнап ASIK-тер (Application Specific Integrated Circuit – Қосымшаға арналған интегралды сызба) пайда болды.

    Эфириумды өндіру үшін ойын компьютерлеріне қолданатын карталар керек. Оларды американдық Nvidia және AMD компаниялары шығарады. Қазір эфириумды өндіруге арналған карталардың құны бір жыл бұрынғымен салыстырғанда екі есе артқан. Құны 800 доллар болған картаны қазір 2000 долларға да таппайсыз. Олар тіпті нарыққа шығып үлгермейді, алдын ала тапсырыс бойынша талап алып кетеді.

   -Неліктен майнинг соңғы жылдары сұранысқа ие бола бастады?

   -Ол осы кезге дейін де танымал болған. Бірақ қазір шарықтау шегіне келе жатыр. Бірінші себеп криптовалютаның бағамы тоқтаусыз өсіп келеді. Оның себебі криптовалютаны қолданушылар санының артуымен тікелей байланысты. Қолданушылар көп болған сайын майнерлерге түсетін табыс та артады. Алайда майнерлердің көбеюі әсерінен оның өндірісі төмендеп жатыр. Мысалы, биткоинға қатысты өндірісті есептеу үшін төрт жылда бір рет халвинг(табысты өлшеу процессі) болады. Соның нәтижесіне қарасаңыз, 2016 жылға дейін әр он минутта 25 биткоин өндірілсе, 2016 жылдан 2020-ға дейін 12,5 биткоин, 2020-дан бастап 6,25 биткоин өндірілген. 2024-тегі халвингтен кейін бұл тағы екі есе қысқарады. Яғни неғұрлым көп адам қолданған сайын өндіріс шектеледі. Алайда өндірістің азаюы аса үлкен проблема емес, себебі биткоиннің бағасы күн сайын өседі. Яғни өндірістен пайда болмаған күннің өзінде осыған дейін сақтаған биткоиндарыңыздың бағасы арта береді.

   -Қай елдер криптовалютаны көп өндіреді?

   -Қазір бірінші орында АҚШ тұр. Жалпы дүниежүзілік өндірістің 35 пайызы соларда. Екінші орында Қазақстан, 18 пайыз. Үшінші орында Ресей, 11 пайыз. Қазақстан соңғы екі жылда қарқынды дамып кетті. Себебі 2020 жылы Қытай билігі ел аумағында майнинг фермалар құруға тыйым салып, ондағы фермерлер бізге көше бастады. Біріншіден, құрылғыларды бізге әкелу жеңіл. Екіншіден, Қытайдың басқа көршілерімен салыстырғанда электр жарығының бағасы төмен. Айта кетейін, 2020 жылға дейін Қытай крипто өндіруден бірінші орында болған. Жалпы өндірістің 50-60 пайызы солар тиесілі еді.

Оқи отырыңыз: Болат Назарбаев майнер екен

   -Яғни Қазақстан майнерлер үшін қолайлы орта ғой?

   -Иә. Себебі майнингтен түсетін пайдадан, яғни өндіріс пен аударым комиссияларынан түскен пайдадан бөлек электр және интернет шығындары аз мемлекеттер де пайда көбірек болады. Мысалы, АҚШ немесе Канада сынды елдерде майнерлер түскен пайдасын электр салығымен-ақ тауысып отырады. Кейде олар пайда көре алмай қалады. Ал Қазақстанда интернет те, электр де арзан болғандықтан, оған кететін шығын да аз болып, қалтаңыз жұқармайды.

   -Майнинг ферманы кімдер бақылайды? Арнайы мамандар бар ма?

   -Оны IT-маман бақылайды. Ол ферманы құрастырып, бақылап, керек болған жағдайда жөндеуі керек. Биткоинмен жұмыс істеу жеңілірек оның арнайы құрылғысы бар, құрастырудың қажеті жоқ. Сол құрылғыны биткоин-әмияныңызға тіркеп аударымдардан пайда көріп отырасыз. Эфириум сәл басқаша: IT-маман арнайы видео-карталар алып, оларды өзара жалғап және олардың қозғалыс қуатын көтере алатын негізгі блокқа қосып, майнинг ферма құрастырып береді. Және оны өзі бақылап отырады.

   -Бұл біраз жылдан кейін басылып қалмай ма?

   -Меніңше, криптовалюта бұл болашақ. Қазір оның даму қарқыны 90-жылдарыдағы интернеттің даму қарқынымен тең. Яғни шамамен 10-15 жылда ол да тура интернет секілді күллі әлемді жаулап алады. Қазірдің өзінде 140 миллион адам криптоны қолданады. Болжам бойынша биткоин қолданушылар саны он жылдан кейін 1 миллиард адамға жетеді.

    Автордан көмек

    Криптовалюта – сіз қолға ұстай алмайтын, түрін көрмейтін бір сөзбен айтқан материалды дүние емес. Бұл цифрлық-әмиянда сақталатын цифрлық төлем түрі. Ол банктерге, мемлекеттерге, дүниежүзілік қаржы нарығына тәуелді емес. Әлемнің кез келген еліндегі адам басқа елдегі екінші бір адамға оңай қаржы аудару мүмкіндігі. Бірақ сіз оны қарапайым дүкенде немесе дәріханада қолдану үшін оны сатып, қарапайым материалды валютаға аударуыңыз керек. Крипто сіздің жеке цифрлық қолтаңба немесе штрих кодыңызбен қорғалып, желіде сақтаулы тұрады. Ол цифрлық кодтар жиынтығы болғандықтан бұзу немесе тартып алу мүмкіндігі жоқ. Тағы бір ерекшелігі оны адамдар емес, машиналар өндіреді. Дәл осы процесті майнинг дейді.

Байланысты жаналықтар

В объятиях государства. Почему казахстанцы не хотят жениться?

26.03.2024

Рост зарплат в два раза ниже реального роста экономики в Казахстане

13.02.2024

Неравенство в Казахстане как в Африке – исследование

26.01.2024

Почему казахстанцы такие бедные – исследование

24.01.2024

Низкое доверие госинститутам в Казахстане зафиксировали социологи

15.01.2024

Центрально-Азиатский союз: возможности или риски?

20.11.2023
MalimBlocks
В объятиях государства. Почему казахстанцы не хотят жениться?

В Казахстане рекордно снизилась статистика создания новых браков, и это при том, что численность молодежи растет. Как сообщают аналитики Ranking.kz, за январь–декабрь 2023 года в стране зарегистрировали брак 120,9 тыс. пар. Это на 6% меньше, чем годом ранее.

Рост зарплат в два раза ниже реального роста экономики в Казахстане

В четвертом квартале 2023 года среднемесячная заработная плата составила 393.6 тысяч тенге, увеличившись на 12% с предыдущего квартала. Но радоваться этому не стоит. Аналитики «Халык финанс» считают, что такой рост связан с выплатами премий в конце ушедшего года.

Неравенство в Казахстане как в Африке – исследование

Почти половина жителей Казахстане имеет среднемесячные доходы на душу населения ниже минимальной заработной платы (85 тыс. тенге). При этом больше половины этих доходов люди вынуждены тратить на продукты питания. Зато 10% наиболее богатых людей в стране владеют почти 60% всех активов домохозяйств, что ставит Казахстан по уровню имущественного неравенства в один ряд со странами Африки. К таким выводам пришли аналитики «Халык Финанс» в опубликованном исследовании «Экономическое неравенство населения в Казахстане».

Почему казахстанцы такие бедные – исследование

Сырьевая направленность экономики и низкая производительность труда мешают казахстанцам больше зарабатывать. Частный сектор, малый и средний бизнес не то что не стали опорой экономики и источником ее эффективности, но и стагнируют. Тем временем государство увеличивает свою роль во многих сферах, позволяя оставаться на рынке низкопроизводительным компаниям. К таким выводам пришли аналитики «Халык Финанс» в опубликованном отчете «Рынок труда Казахстана 2023 - низкая производительность, скрытая безработица, региональный дисбаланс».

Низкое доверие госинститутам в Казахстане зафиксировали социологи

Центр социологических и политических исследований «Стратегия» опубликовал рейтинг управленческой элиты за 4 квартал 2023 года

Центрально-Азиатский союз: возможности или риски?

Ухудшение социально-экономического положения в странах Центральной Азии на фоне войны в Украине снова стало поводом для обсуждения возможности экономической интеграции. В среду, 15 ноября, эксперты Central Asian Think Tanks Forum, организованного PaperLab в Астане, размышляли, как нашим странам стоит объединять усилия, чтобы наконец перестать быть объектом геополитических и экономических интересов мировых держав и становиться самодостаточным регионом.