Халық уәдесін орындамаған депутатты креслосынан айыра алады

Айшолпан КЕРІМ

  • 12.05.2022

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова халық сайлаған депутатты кері қайтару тәртібін түсіндіріп берді. Алдағы уақытта Қазақстан заңнамасына императивті мандат енгізіледі.

Қазіргі кезде мемлекеттік органдар қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, императивті мандатты енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Мұқанова халық қандай жағдайда депутатты мандатынан айыруы мүмкін екенін айтты.

"Мысалы облыстық мәслихат депутатын кері қайтару мәселесі көтерілді дейік. Оған қатысты механизм мынадай болатын шығар: егер ол сайлауалды уәделерін орындамаса, оны сайлаған халық алдымен бастамашыл топ құрып, тіркеуден өтеді. Одан кейін белгілі бір уақыт беріледі. Сол кезде олар үгіт-насихат жүргізіп, депутатты өзіне жүктелген міндеттерін орындамағаны үшін мандаттан айыруға бастама көтереді. Қажетті дауыс саны жиналса, депутат кері қайтарылады", - деді Мұқанова.

Вице-министрдің сөзінше, мамандар облыс, қала мен аудан деңгейінде сайланатын депутаттарды кері қайтаруға қажетті дауыс санын есептеуге кіріскен.

"Шынын айтқанда, бұл механизм іске қосылса, халықта депутаттардың қызметіне ықпал етуге мүмкіндік туады. Сол кезде депутаттардың жауапкершілігі күшейіп, өздерін кері қайтаруға болатынын біліп жүреді", - деді ол.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі жолдауында мәжіліс депутаттарының бір бөлігін мажоритарлық жүйемен сайлауды ұсынған еді. Ал аудандық және қалалық мәслихаттар сайлаулары толығымен мажоритарлық жүйеде өтеді, яғни депутатты тек халық сайлай алады. Сонымен қатар Тоқаев императивті мандатты енгізу қажет екенін де айтқан болатын.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Шымкентке барды

11.04.2025

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

10.04.2025

Тоқаев көлік министрін қабылдады

10.04.2025

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

10.04.2025

Тоқаев YTO Express басқарма төрағасын қабылдады

10.04.2025

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма берді

09.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Шымкентке барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына барды

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

Тоқаев көлік министрін қабылдады

Мемлекет басшысы көлік министрін қабылдады

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

Президенттің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды

Тоқаев YTO Express басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы YTO Express басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяоны қабылдады

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма берді