Сапарбаев сатып алған масканы інісі неге кимейді?

Malim Админ

  • 19.03.2020

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ адам көп шоғырланатын жерлерді медициналық бетпердесіз аралап, тұрғындармен кездесіп жүр. Маскасыз әкімнің фотосы қалалық әкімдіктің фейсбуктегі парақшасында жарияланды.

Елімізде төтенше жағдай басталып жатқанда Жамбыл облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ дәріханадан бетперде сатып алып жатқан суретін жариялап пиар жасаған еді. Әкімдер жарнамалағасын ба, әйтеуір елде масканың тапшылығы басталып, жұрт қатты дүрлігіп кетті.

Ал осындай сәтте Қызылорда қаласын 7 жылданбері  басқарып келе жатқан  Сапарбаевтың інісі Нұрлыбек МӘШБЕКҰЛЫ тұрғындармен бетпердесіз тілдесіп, жәйбарақат жүр. Әлде әкімге де бетперде тапшылығы әсер етті ме екен? Бірақ жарияланған суреттердегі шендінің жанындағы ақ жағалылар маскаларын тастамай тағып жүргеніне қарап олай деу де қиын. Сонымен қоймай, «маскасыз әкім»  бірнеше нысанды аралаған көрінеді. Тіпті адам көп шоғырланады деген жерлерге де барыпты.

Қызылордада маска кимейтін әкім тек Нәлібаев емес сияқты. Облыс басшысы Қуанышбек ЫСҚАҚОВ та біраз нысанды бетпердесіз аралап жүргенін әкімдік қызметкерлері желіде жарыса жариялап жатыр.

Бірақ оларға қарағанда Сыр елінің аудан әкімдері және басқа өңірлердің басшылары көпшілік алдында маскаларын мүлде шешпейтін болған.

Фотоларды автор ұсынды. 

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Байланысты жаналықтар

Әкім Әбдіқалықова карантин тәртібіне бағынбай жүр

27.04.2020

Қызылордадағы митингіде он шақты адам ұсталды

08.06.2020

Қызылордада бастықтар полицейлерге ұйқы бермейді екен

17.05.2020

Қызылордада мұғалім блок-бекетті не үшін күзетеді?

17.04.2020

Әкім ханым дән еккенімен, диқандар су таппай жатыр

28.05.2020

Әкімнің қызы президенттен әділдік күтеді

15.01.2021
MalimBlocks
Әкім Әбдіқалықова карантин тәртібіне бағынбай жүр

Қызылордадағы митингіде он шақты адам ұсталды

Қызылордада бастықтар полицейлерге ұйқы бермейді екен

Қызылордада мұғалім блок-бекетті не үшін күзетеді?

Әкім ханым дән еккенімен, диқандар су таппай жатыр

Әкімнің қызы президенттен әділдік күтеді