«Коронавирусқа мемлекеттің күш-жігері жеткіліксіз»

Алмас НҮСІП

  • 20.03.2020

БҰҰ ұйымы кедей және дамушы елдер коронавирус кезінде өзгелерден көп зардап шегеді деп мәлімдеді. Осы уаққа дейін «дамыған 50 елдің қатарына кіреміз» деп ұрандатып келген Қазақстан да сол жағымсыз тізімге енетін секілді. Өйткені, «30 дамыған ел»; «50 дамыған ел» ұрандарының авторы, елді 30 жыл басқарған экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ үндеу жасап, қазіргі президент пен үкіметті қолдау керек екенін айтты.

«Шешу жолдарын табу тұрғысынан күрделі боп отырған қазіргі ахуал бір жағынан 1990-шы жылдардың басындағы жағдайға ұқсайды. Ол кезде біз шын мәнінде өте қиын жағдайда болған едік. Осындай ауыр кезеңде мен барлық қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырамын», - деді Назарбаев.

Ол бұл қиын кезеңді игеруге мемлекеттің күші жетпейтінін де ашық айтты. Сол себепті елдің әр азаматы өз үлесін қосатын қор құруды ұсынды.

«Тек қана мемлекеттің күш-жігері жеткіліксіз болады. Зауалды еңсеру үшін басқа да қосымша ресурстарды жұмылдырған жөн. Әрбір азамат өзінің қолынан келетін үлесін қосуға тиіс. Мен бұл қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын Республикалық қор құруды ұсынамын. Осындай жағдайда бұрынғыша отандық ірі кәсіпорындар да қолдауын көрсетеді деп сенемін», - деді экс-президент.

Бұл ұсыныстың бұған дейін президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ тарапынан берілген уәдеге қайшы келетін тұстары да жоқ емеса. Тоқаев коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезінде бизнес өкілдеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін, салықтан босатылатынын, т.б. айтқан. Демек, «Ұлттық қорының түбі қазірдің өзінде көрініп тұрған билік тағы да халықтың өз қалтасына қол салмақ» деген кейбір сарапшылардың пікірі расқа айналуы мүмкін.

Назарбаевтың бастамасы БҰҰ ұйымының бас хатшысы Антони Гутерриштің сөзіне де сәйкеспейді.

Гутерриш коронавирустың медициналық тұрғыдан әсіресе әйелдерге ауыр тиетінін, сондай-ақ, дамушы елдер мен кедей мемлекеттерге зардабын көп тигізетінін, бұл БҰҰ-ның 75 жылдық тарихындағы ең үлкен дағдарыс екенін айта келіп, ұш бағыт бойынша әрекет етуді ұсынды: «қалай да денсаулық сақтау жүйесін күшейте түсу; халық пен бизнеске әлеуметтік және экономикалық қолдау көрсету; пандемиядан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге үлкен жауапкершілікпен әзірлену.

Бас хатшы сонымен қатар мемлекеттерді денсаулық сақтау саласына көптеп қаржы бөліп, коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тестілеуге, керекті медикаменттер мен қорғаныс заттары және жабдықтарымен қамтамасыз етуге шақырды.

Гутерриш 2008 жылғы әлемдік экономикалық дағдарысты әлеуметтік қорғау жүйесі бекем елдердің оңай еңсергенін айтады. Есте болса, Назарбаев президент болып тұрған кезінде бұл дағдарыстың Қазақстанға әсері болмағанын айтқан болатын.

Айта кету керек, Н.Назарбаев өзі төрағалық етіп отырған «Нұр отан» партиясының коронавирусқа қатысты 150 млн теңге бөлетінін мәлімдеген. Назарбаев айтқан қор құру туралы бастама «Нұр Отанда» бұған дейін басталып та кеткен. Партияның Алматы қалалық филиалы «Жаңа Алатау» қорымен бірлесіп арнайы шоттың ашылғанын хабарлаған. Нұротандықтар бұл қорға «болып жатқан жағдайға бейжай қарамайтын кез келген азамат қаражат аудара алатынын» айтқан.

Әлемнің біраз елдері коронавирус салдарынан қиын жағдайда қалған азаматтар мен бизнес өкілдерін экономикалық және әлеуметтік қолдауға қомақты қаржы бөліп жатыр.

Байланысты жаналықтар

А. Балаева: Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Ақпараттық доктрина» ақпараттық егемендікті одан әрі нығайтуға бағытталған

26.12.2023

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

28.10.2023

Мемлекеттік күзет қызметі енді Н.Назарбаевты күзетпейді

25.07.2023

Назарбаев атындағы мекемелер болмайды

05.07.2023

«Ол шіркеуді де бомбалауға дайын!» – «Рождествошыл» Путиннің әрекетіне әлем не дейді?

06.01.2023

Тәліптер қыз балаларға тағы бір тыйым енгізді

21.12.2022
MalimBlocks
А. Балаева: Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Ақпараттық доктрина» ақпараттық егемендікті одан әрі нығайтуға бағытталған

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоғамдық қоры Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы жүзеге аса бастады.

Мемлекеттік күзет қызметі енді Н.Назарбаевты күзетпейді

Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің қызметі туралы ережеден тұңғыш президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тармақтарды алып тастады деп хабарлайды Exclusive.kz.

Назарбаев атындағы мекемелер болмайды

Президент Қ. Тоқаев Н.Назарбаевтың атындағы университет, мектеп пен қор басшысы ретіндегі мәртебесінен айыратын түзетулерге қол қойды.

«Ол шіркеуді де бомбалауға дайын!» – «Рождествошыл» Путиннің әрекетіне әлем не дейді?

Құдайшыл бола қалған Путин және әлем

Тәліптер қыз балаларға тағы бір тыйым енгізді

Халықаралық қауымдастық "тәліптер уәделерін бұзды" деп есептейді.