Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Арман Қайыпхан

  • 15.04.2025

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі 2026 қаржы жылына арналған бюджет жобасында БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтату, Сыртқы істер министрлігінің (Мемдеп) бюджетін екі есе қысқарту, дипломаттар мен елшіліктер санын азайту туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы Reuters және Associated Press (AP) агенттіктері хабарлады.

Агенттіктер АҚШ-тың Әкімшілік-бюджеттік басқармасы (OMB) әзірлеген құжатқа сілтеме жасайды. Жобаға сәйкес, Мемдеп бюджеті 50%-ға, яғни шамамен 30 млрд долларға қысқартылуы мүмкін.

Reuters дерегінше, Ақ үй шетелдегі 10 елшілік пен 17 консулдықты, негізінен Африка мен Еуропада, жабуды ұсынуда. Қысқарту тек Мемдеппен шектелмей, сонымен қатар оның құрамына өткен USAID (АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі) қызметін де қамтиды.

AP хабарлауынша, жоба:

  • БҰҰ мен НАТО-ға қаржыны тоқтатуды;
  • Халықаралық көмек көлемін екі есе қысқартуды;
  • Шетелдік денсаулық сақтау жобаларын қаржыландыруды тоқтатуды (тек ВИЧ, туберкулез және безгекке аздаған қаражат қарастырылған);
  • Халықаралық бейбітшілік миссияларына қолдауды азайтуды;
  • Білім беру мен мәдени бағдарламаларды жоюды ұсынады.

The New York Times пен The Washington Post газеттері де бұл құжатты көріп, жоба бойынша Мемдеп бюджеті 27 млрд долларға немесе 48%-ға қысқаруы тиіс екенін жазады.

Politico порталының мәліметінше, қысқарту Океаниядағы бірқатар елшіліктерді жабуды қамтиды. Сонымен қатар, Ақ үй жаңа "America First Opportunities Fund" ("Америка бәрінен жоғары – Мүмкіндіктер қоры") атты 2,1 млрд долларлық бағдарлама құруды ұсынады. Бұл қордың нақты мақсаты әзірге белгісіз.

OMB өкілі бұл құжат алдын ала жоба екенін айтып, соңғы шешімдер қабылданбағанын мәлімдеді. Жобаны Мемдеп те, АҚШ Конгресі де мақұлдай қоюы екіталай.

Фото: Alastair Pike/AFP/Getty Images

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

19.05.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025
MalimBlocks
Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім