freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейде 7 сынып оқушысы мектепте бірнеше адамға пышақпен шабуыл жасады

Әлем
Ресейде 7 сынып оқушысы мектепте бірнеше адамға пышақпен шабуыл жасады
Фото: ашық дереккөзден

Ресейдің Красноярск өлкесіне қарасты Канск қаласында мектеп оқушысы мұғалімдер мен өз қатарластарына пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 1 қыркүйекте №2 мектепте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылды жетінші сыныпта оқитын қыз жасаған.

Interfax ақпаратына сәйкес, оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шеккен.

Красноярск өлкесі мен Хакасия Республикасы бойынша Бас тергеу басқармасы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген тергеу органдарының хабарламасында.

Құзырлы органдар қазір жасөспірімнің мұндай әрекетке баруына ықпал етуі мүмкін себептер мен жағдайларды анықтап жатыр.

Оқиғаның өзге мән-жайлары әзірге нақтылануда.

Еске сала кетейік, 20 тамызда Ресей әскері Украинаға жаппай зымыран-дрон соққысын жасаған. Салдарынан Киевте тұрғын үйлер, мектеп пен балалар ауруханасы зақымданып, ондаған адам қаза тауып, жараланған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу