БҰҰ басшысы сауда соғысының қауіпті екенін ескертті

Malim Админ

  • 06.04.2025

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сауда соғыстарында жеңімпаздар жоқ екенін ескертті, деп хабарлайды Синьхуа.

Бұл туралы жұма күні оның ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді.

Сәрсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп «баламалы тарифтер» деп аталатын жарлыққа қол қойып, 10 пайыздық базалық тариф және бірқатар сауда серіктесі үшін жоғары баж салығын енгізді.

Гутерриштің Ақ үйдің жаңа тарифтік саясатына қатысты пікірі туралы сауалға жауап берген Дюжаррик «сауда соғысында жеңімпаздар жоқ» екенін айтты. Сондай-ақ, ол қазіргі ахуалды еңсеру қиынға соғып отырған ең осал елдер үшін аталған жағдай ең үлкен проблемаларды туындататынын атап өтті.

Ол жаһандық сауда соғысы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуіне теріс әсер етуі мүмкін екенін алға тартты.

Жұма күні жарияланған ЮНКТАД (United Nations Conference on Trade and Development — ред.) мәлімдемесінде АҚШ тарифтері осал елдерге қатты әсер етуі мүмкін делінген. Ұйым әлемдік сауда жүйесі инвестицияларға және дамудағы прогреске қауіп төндіретін қиын кезеңге еніп жатқанын ескертті. 

Еске салсақ, жоғары баж салығына ілінген Қытайдың Сауда министрлігі бұл шешімге қатаң қарсылық білдіріп, өз мүддесін қорғау үшін қажетті қарымта шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.

Фото: Anadoly 

Байланысты жаналықтар

Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

19.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

11.05.2025

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

11.05.2025
MalimBlocks
Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

Америка «қорғаныс қызметтерін» 50 миллион доллар немесе одан да көп сомаға жеткізуге рұқсат берген