Әлия Назарбаева: Қиын кезде мейірім керек

  • 25.03.2020
  • Malim Админ

Қазақстанда коронавирустан карантин жарияланған қалаларға түрлі волонтерлар да жәрдемдесіп жатыр. Олардың қатарында экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ кіші қызы Әлия НАЗАРБАЕВА да бар.

«Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының шетінде салынған тамақ әзірлейтін комбинат жұмысын бастады. Ол жерде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ас әзірленеді. Біз тізімді әкімдіктен аламыз. Бүгін таңертең алғашқы елу адамға тамақ жөнелттік. Санитарлық норманы сақтаған волонтерлар адамдардың үйіне апарып берді. Жиырма үш күннің ішінде 1150 отбасын тамақпен қамтамасыз ету жоспарымызда бар. Осындай қиын кезде мейірімділік танытып, бір-бірімізді  қолдау ләзім», - деп жазды Әлия Назарбаева instagram әлеуметтік желісінде.

Коронавирусқа қарсы күреске Әлияның әпкесі Динара НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ 4,5 млрд теңге берген еді. Ресми деректер бойынша Қазақстанда 79 адам қатерлі ауруға шалдыққан. Нұр-Сұлтанда 41 адам, Алматыда 31 адам, Қарағандыда 2 адам, Алматы облысында бір адам, Ақтөбе облысында бір адам, Шымкен және Жамбыл мен Солтүстік Қазақстанда облыстарында да бір-бір адамнан коронавирусты жұқтырған.

Фото: yandex.ru

Байланысты жаналықтар

Қордай оқиғасының шығыны – 1 миллиард 7 миллион теңге

11.02.2020

Симптомсыз науқастар қайтеді?

16.06.2020

Коронавирусқа шалдыққан шенеуніктер

11.03.2020

Киік қырғандар құрықталуы тиіс

11.04.2020

«Атып тастасаңдар да, көлік тіркейтін ақшам жоқ»

03.03.2020

Карантин режимін бұзғандарды "Сергек" арқылы ұстамақ

30.03.2020