Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды

Malim Админ

  • 26.03.2020

Коронавирус жұқтырғандар арасында бір адам қайтыс болды. Бұл Қазақстандағы алғашқы жағдай. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ мәлімдеді.

«Бүгін коронавирустан бір әйел адам – Қазақстан азаматы қайтыс болды. Бұл орны толмас өкініш, жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз», - деді ол онлайн брифингте.

Абаев сондай-ақ бұл өлімнің нақты себебі туралы ертең денсаулық сақтау министрлігі нақты ақпарат беретінін жеткізді.

Бұдан сәл бұрынырақ елордадағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалада тіркелген 61 адамның төртеуі ауыр жағдайда жатқанын хабарлаған.

«Бұл коронавирустың қауіпті екенін тағы бір көрсетіп отыр. Болып жатқан жағдайдың бәрі – бәріміз үшін сынақ», - деді Абаев.

Соңғы мәліметтерге сәйкес Қазақстанда 109 адам коронавирус жұқтырған, оның екеуі емделіп, жазылып шыққан.

Байланысты жаналықтар

ҰҚК: Қазақстанда салафизмге тыйым салынбайды

06.02.2020

Тағы да карантин жариялануы мүмкін

01.07.2020

Қайрат Жаңабеков: Карантин кезінде ешкім жұмыстан заңсыз шықпау керек

23.04.2020

Halyk POS кәсіпкер мен тұтынушыны көп қиындықтан құтқарды

14.12.2020

Біз ешқашан 42500 теңге жетеді деп айтпадық

14.07.2020

«Халыққа жаңа жұмыс орындарын ашқым келеді»

08.04.2020
MalimBlocks