Дереу үш аурухана салынбақ. Алматы, Шымкент, астанада ауру көбейе ме?

  • 03.04.2020
  • Руслан ЕРБОТА

Сонымен,Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында дереу түрде жұқпалы аурулардың үш ауруханасы салынбақ.  Бастаманы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бүгін оны бір ауыздан оны қолдаған. Үш аурухананы дереу салу үшін жеңіл құрастырылатын жабдықтар пайдаланбақ. Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан материалда дереу салынатын бұл ауруханалар не үшін керектігі түсіндірілмеген. Ал бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов коронавирус індетіне үш жарым мың қазақстандық шалдығуы мүмкін деп болжаған. Сәуірдің 3-күнгі түскі мәлімет бойынша, 453 адамнан коронавирус анықталған. Сондай-ақ, елдегі жұмыссыз режим карантині бір аптаға ұзарды. Демек, індеттің қарқыны әлі басылмаған.

Осы жағдайда шұғыл түрде үш аурухана салу ісіне сырттай қарасақ, бүгінде  коронавирус ­­­-­­ бардың малын, жоқтың артын ашадының кебіне келтіріп тұр.

Рас, әлемнің кей елдері дәл осындай қысылтаяң шақта аурухана салып,  ала шапқын болып жатыр. Бірақ, оларда халық саны тығыз, науқас жаппай көбейгендегі жағдайы мәжбүрлейді. Ал бізде ше? Құдайға шүкір, вирус жұқтырғандар саны салыстырмалы түрде көп емес. Соның өзінде оларды орналастыратын  орын жоқ.

Сосын дәл осындай төтенше шақта құрылыс бастап, жұмысшының денсаулығына қатер төндіріп, онсыз да жетпей жатқан бюджет қаржысына ортақтасу қалай? Әлде бізде аурухана жетіспеуші ме еді? Жоспарға қарасақ ондай емес. Есіңізде ме, біздің үкімет 2007 жылы үш жылдың ішінде 100 аурухана салып бітірмек еді ғой! Одан кейін жұртқа жаппай түсіндіріп, қолдатқан бірінші президенттің дәстүрлі жолдауында, яғни, 2011 жылы қосымша 350 аурухана мен зертхана салуға тапсырма берілді емес пе!

Бірақ, айтқан сөзі пиар, бөлінген ақшасы «қияр» болып, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. 100 аурухананың түптеп келгенде 60 ғана салынғанын сол кездегі президент Н.Назарбаевтың өзі де айтып өткен. Ал қаржы полициясы «100 мектеп, 100 аурухананың 1,5 миллиард теңгесі» желініп кеткенін мәлімдеген.   Қысқасы, 100 аурухана да, одан кейін жолдауда айтылған 350 ауруханада түгел салынбаған күйі қалды.

Сол жоспардағы 450 аурухана бүгінде істеп тұрса, мына коронавирус індетінде дәрігерлер  жұмыс істеуге жағдай жоқ, аймақтарда науқасқа орын мен маман тапшы деп шағымданар ма еді?  Науқастар мал қорада жатқандаймыз деп көз жастарын көл жасар ма еді?

Коронавирус ­­­-­­- жоқтың артын ашады екен деуіміздің бір себебі осы.

Материалды көшіріп басуға болмайды.

(фото  Pixabay  сайтынан алынды)

Байланысты жаналықтар

Көп құдайға сенетін Талғат: адамдар ішіме жын кірген деп ойлайды

14.05.2021

Теміртауда полиция қызметкерлері ұсталды

25.02.2020

Әкімдік «ескі» деген үйден тұрғындар көшкісі келмейді

29.04.2021

Мәжіліс "Бейбіт жиын өткізу туралы" заң жобасын қабылдады

08.04.2020

Жемқорлыққа байланысты президент тапсырмасы орындала ма?

11.09.2020

Тағы да 42500. Сондағы Смирнованың айтқан сөзі...

29.04.2020