Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Президенттің Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Bes.media сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева қазір ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ("Совминка") ем қабылдап жатыр.
5 мамырда әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Сара Назарбаеваның ауыр хәлде екені туралы хабар тарады. Осыған байланысты Медициналық орталық бұл ақпаратты растады, алайда оның нақты жағдайы туралы мәліметтер берілмеді.
"Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, атап айтқанда, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 273-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, диагноз, емдеу әдістері мен нәтижелері, науқастың денсаулық жағдайы сияқты ақпараттар — дәрігерлік құпия. Мұндай мәліметтер науқастың келісімімен немесе заңда көзделген өзге де негіздер бойынша ғана беріледі", — деп хабарлады орталық.
Мекеме науқастың құқығы мен жеке кеңістігін қорғау мақсатында ақпаратты жарияламау туралы шешім қабылданғанын атап өтті.
Еске салайық, 1941 жылы туған Сара Назарбаева ұзақ жылдар бойы Қазақстанның бірінші ханымы болды. Ол — "Бөбек" қайырымдылық қоры мен "SOS балалар ауылдары" жобасының негізін қалаушы. 2023 жылдың көктемінде оның өз тегін өзгертіп, қыз кезіндегі Қонақай фамилиясын қайта алғаны туралы ақпарат тараған еді.
Фото: elbasy.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат
Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны