Қазақстан заңсыз мигранттарға қарсы 14 елмен бірлесе күреседі

  • 01.03.2020
  • Malim Админ

Қазақстан 14 елмен заңсыз көші-қонға қарсы күрес жүргізу үшін бірлескен келісімге келеді. Бұл ердер қатарында қол қойылып, жоспар бекітілген елдер де бар. Қалған елдермен келісімді алдағы уақытта бекітетін болады.

Жалпы, шекара бұзу ғана емес, өзге елдің аумағына заңды өткенмен, визасы біткен соң еліне қайтудың орнына сол жақта заңсыз түрде қалып қоятын мигранттар аз емес. Бұл қазіргі уақытта тек Қазақстан үшін ғана емес, АҚШ сияқты алпауыт елдің өзіне үлкен мәселе туындатып отыр. Оның дәлелі Құрама штаттар соңғы аз уақыт ішінде сырттан келетін азаматтарға рұқсат беруді бірнеше есеге қысқартып жіберді. Тыйым салынған елдер қатарында Азия елдерінің көп екенін ескерсек, сол елдер арасында отырған Қазақстан үшін де бұл мәселе оңай тимесі анық. Адам өз отанынан не үшін кетеді? Мұндағы басты мәселе – әлеуметтік жағдай, экономика, саяси ахуал, т.б. Экономикасының дені дамушы елдерді құрайтын Орта Азияның ортасында отырған Қазақстан әлі күнге Еуропа мен Азияның арасындағы қақпа іспетті болғандықтан, Қазақстанды өткел ретінде пайдаланғысы келетін мигранттар да аз емес. Оның сыртында нәпаөа іздеп, жұмыс істеуге келетіндер қаншама. Заңсыз жолмен келіп, арзан жұмыс күші ретінде жалданатын шетелдіктер (көбіне көршілер) де қазақстандықтар үшін көз үйренген көрініске айналғалы қашан. Әрине, заңды түрде шекарадан өтіп, уақытынды тиісті дерлерге есеп беріп, міндетін толық орындап жүрсе, ешкім ешкімді қуып жатқан жоқ. Қазақстан – ашық мемлекет. Дегенмен, келген соң заңды белден бір  басып, уақыты өтіп кеткен соң кете алмай жүретіндер де кездеспей тұрмайды. Бұл алдымен мемлекет үшін зиянға шығатынын (салық төлемейді, т.б.) айтпағанның өзінде мигранттың өзі үшін де қауіпті. Алдымен оынң өміріне қауіп, одан соң құжатсыз, тіркеусіз жүрген соң көпшілігі құл деңгейіне түсіп кетіп жатады. Осыны болдырмау үшін алыс-жақын шетелдермен келісе отырып, қосыла қимылдау қай ел үшін болса да маңызды.

Бұл мәселе Сенатта да бірнеше рет қаралды. Соңғысында заңсыз көші-қонды болдырмау туралы келісімге келуге тиіс негізгі елдердің аты аталып, жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы айтылды. Бұдан бұрын Өзбекстан мен екі арада арнайы келісім жасалып, екі ел арасындағы барыс-келісті заңды түрде жүргізуге күш салу үшін арнайы атқарылатын шаруалар бекітілсе, енді, өзге елдермен де осындай келісімдерге келу жайы қарастырылуда.

«Біз қазір 14 елмен заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі бірлескен келісімді әзірлеп қойдық. Қазіргі уақытта оның бесеуіне қол қойылды. Олардың қатарында Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Беларусь елі бар. Және сегізі біздің контрагенттердің қарауында. Аталған елдердің ішінде көршілеріміз Ресей мен Қытай да бар. Одан бөлек, биыл Армениямен де көші-қон бойынша келісімге келмекпіз. Бүгінде аталған елдер тиісті рәсімдерді өткізіп жатыр», - дейді Қазақстан Ресупубликасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Өзбекстанды айттық қой, біздегі заңсыз минранттар жөнінен үлкен мәселе туғызып отырған бұл елден бөлек, екі алып көршімі Ресей мен Қытай да сырттан келетін жұмыс күші жөнінен жиі сөз болатын мемлекеттер. Қазақстанда Ресей мен Қытай зауыттары аз емес, осыған орай біздің елге келіп кәсіп ашқан соң оларға мемлекет қоятын талаптың бастысы – Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамту. Өз елдерінен келетін жұмыс күшіне белгілі мөлшерде шектеу бар. Дегенмен, осыны аттап өтіп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен тиісті деңгейде қамтымаудан бөлек, жалақы мәселесінде де алалаушылық болып, оның арты дауға ұласып жататын жағдайлар аз емес. Осыған орай ел президенті инвесторларға арнайы ескерту жасағаны да белгілі. Мұның барлығы – заңсыз көші қонның алдын алу үшін атқарылған шаруалар.

«Көрші елдермен қарым-қатынасты заңдастырғанымыз жөн, әсіресе екі алып көршіміз Қытай және Ресей елімен. Бұл елдерден келіп жатқан еңбек мигранттарының жағдайы бәрімізге белгілі. Сондықтан бұл министрліктің басты назарында болатын мәселелердің бірі деп есептеймін», - деп Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед айтқандай, тиісті ведомство бұл мәселелерді шешуге шындап кірісіп жатқандарын айтады. 14 елмен дайындалған (бекітілген) келісімдер соның бір парасы.

Айта кету керек, биыл жыл басында көші-қон заңнамасына бірқатар өзгерістер енгені белгілі. Әрине, ол да келіп-кетушілер үшін тиімді әрі заң бұзбауына берілген мүмкіндік. Жаңа өзгеріске сай, оқуға, жұмыс істеуге, емделуге, отбасымен қосылуға келгендер мен бизнес-иммигранттарға бұдан былай Қазақстанда бір жылға дейін уақытша тұруға рұқсат берілетін болады.

Байланысты жаналықтар

Әкім Әбілқайыр Сқақов оқшаулана ма?

16.06.2020

Ақтөбе әкімдігі жол сапасын тексертуге құлықсыз

05.02.2020

"Махаббат үйі" тұрғындары: адамдар бізден неге қорқады?

12.04.2021

Құрбан айттың бірінші күні 18 мыңдай отбасыға ет таратылған

31.07.2020

"Саяси реформалар жүзеге асып жатыр"

25.05.2020

Цой қатаң карантин қашан және қандай жағдайда енгізілетінін айтты

14.10.2020